Ехоба куәгерлері Исаға сене ме?
Иә, сенеміз. Ол: “Жол, шындық және өмір — менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге келе алмайды”,— деген (Жохан 14:6). Біз Иса көктен жер бетіне өзінің мінсіз өмірін төлем құрбандығы ретінде беру үшін келген деп білеміз (Матай 20:28). Исаның өліп, қайта тірілгені оған сенетін адамдар үшін мәңгілік өмірге жол ашады (Жохан 3:16). Сондай-ақ біз қазір Исаның көктегі Құдай патшалығында билік құрып жатқанына әрі бұл Патшалықтың жуырда күллі жер бетіне тыныштық әкелетініне сенеміз (Аян 11:15). Бірақ біз Исаның: “Әкем менен ұлы”,— деген сөздерін елеусіз қалдырмаймыз (Жохан 14:28). Сондықтан оны Құдіретті Құдай деп есептемейміз, әрі оған табынбаймыз.