Неге Ехоба куәгерлері үйме-үй жүреді?
Иса пайғамбар ізбасарларының “барлық халықтардан шәкірт дайындаулары” керек екендерін айтқан (Матай 28:19, 20). Ертедегі шәкірттеріне ол адамдардың үйлеріне барып уағыздауды тапсырған (Матай 10:7, 11—13). Иса пайғамбар өлгеннен кейін де, І ғасырдағы мәсіхшілер айтып жүрген хабарларын “ел алдында және үйден үйге жүріп” таратуды жалғастыра берді (Елшілердің істері 5:42; 20:20). Біз ертедегі сол мәсіхшілерге еліктейміз әрі үйме-үй жүріп уағыздау адамдармен жолығудың ең тиімді жолы деп есептейміз.