Жеккөрушілікті жеңе аламыз!
Сіз жеккөрушіліктен жапа шеккенсіз бе?
Жеккөрушілікпен бетпе-бет кезікпесеңіз де, оның небір көкесін көріп-естіп жүрген шығарсыз. Жаңалықтарды қарасаңыз, нәсілі, діні не шетелдік болғаны үшін жеккөрінішті болып жүргендер жайлы ақпараттар толып жатыр. Сондықтан көп мемлекет өшпенділіктен қылмыс жасайтындарды жазалау үшін заңдар шығаруға мәжбүр.
Жеккөрушіліктен тек жеккөрушілік өршиді. Әдетте жеккөрушіліктен жапа шеккен адам кек қайтаруды ойлайды. Сөйтіп, кектен кек, өштен өш туындап, жеккөрушілік шеңбердей шыр айналып жүреді.
Бәлкім, біреу-міреу сізді кемсітіп, бөліп-жарып, келемеждеген шығар, я болмаса қорлық сөз айтып, қорқытып-үркіткен болар. Алайда жеккөрушілік бұнымен шектелсе, мейлі ғой. Өкінішке қарай, оның арты ұрыс-төбелеске, шабуылға, вандализмге, жыныстық зорлыққа, қантөгіске, тіпті геноцидке апарып соғады.
Бұл журналдың мақсаты — төмендегі сұрақтарға жауап беріп, жеккөрушілікті қалай жеңуге болатынын түсіндіру.
Жеккөрушілік неге жайлап барады?
Жеккөрушілік шеңберінен қалай шығуға болады?
Жеккөрушілік келмеске кететін кез бола ма?