Киелі кітапта не делінген?
Армагеддон деген не?
Кейбір адамдардың ойынша...
Бұл — ядролық қару-жарақтың не табиғи апаттың кесірінен болатын жаппай жойылу. Ал сіз не ойлайсыз?
Киелі кітапта не делінген?
Армагеддон бұл — бейнелі жер. Ол Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы күні зұлымдарға қарсы жүргізетін соғысын білдіреді (Аян 16:14, 16).
Киелі кітапта тағы не жазылған?
Құдай Армагеддон шайқасында жерді жоймайды, қайта оны бүлдіретіндерді құртып, жерді аман сақтап қалады (Аян 11:18).
Армагеддон күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады (Зәбүр 46:8, 9).
Армагеддон шайқасында аман қалу мүмкін бе?
Сіздің ойыңызша...
Иә
Жоқ
Білмеймін
Киелі кітапта не делінген?
Әртүрлі ұлттан шыққан “ұлы жамағат” Армагеддон шайқасының алдында болатын “зор алапатта” аман қалады (Аян 7:9, 14).
Киелі кітапта тағы не делінген?
Құдай Армагеддон шайқасында мүмкіндігінше көп адамның аман қалғанын қалайды. Ол зұлымдарды басқа амал болмаған соң ғана жойып жібереді (Езекиел 18:32).
Армагеддонда қалай аман қалуға болатыны Киелі кітапта айтылған (Софония 2:3).