Өмірге деген сый-құрмет қайда қалды?
ӨМІРДІ ҚҰРМЕТТЕУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
Өзіміздің не өзгелердің денсаулығына не өміріне қауіп төндіргеніміз — өзіміздің де, өзгелердің де өмірін құрметтемегеніміз.
-
Темекі шегу қатерлі ісік туғызып қана қоймай, ағзаның сол дертпен күресуін де қиындатады. Өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан адамдардың 90 пайызы өздері не қасындағы адамдар темекі шеккеннен осы дертке шалдыққан.
-
Жаппай оқ атуға ұшыраған адамдар жылдар бойы жан күйзелісінен қиналып жүреді. Стэнфорд университетінің бір есебінде былай делінген: “Жүргізілген зерттеуге сай, адам [мектептегі] атыстан аман қалса да, жан дүниесіне салынған жарадан жылдар бойы арылмауы мүмкін”.
-
Ішіп алып не есірткі қабылдап көлік айдайтын адамдар жолаушылардың ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өміріне қауіп төндіреді. Өмірге деген осындай құрметсіздіктен жиі жазықсыз адамдар жапа шегіп жатады.
БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ
Денсаулығыңызды күтіңіз. Темекі не вейп шегу, есірткі қабылдау, ішімдікті шамадан тыс ішу сияқты жаман әдеттерден арылу ешқашан да кеш емес. Мұндай әдеттеріңіз болса, өз өміріңізге зиян келтіресіз әрі айналаңыздағы адамдардың да, отбасыңыздың да өмірін құрметтемейтініңізді көрсетесіз.
Өзіңіздің де, өзгелердің де қауіпсіздігін ойлаңыз. Оқыс жағдайды болдырмас үшін, үйіңізге уақытылы жөндеу жұмыстарын жасап тұрыңыз. Көлікті абайлап айдап, оны жиі тексеріп жүріңіз. Біреу денсаулығыңызға не өміріңізге қауіп төндіретін іспен айналысуға қыспақтаса, көнбеңіз.
Мейірімді болыңыз. Өмірді құрметтеу деген барлық адамға — қандай нәсілден, ұлттан шықпасын, жағдайы мен білім деңгейі қандай болмасын — мейірімді болуды білдіреді. Түптеп келгенде, дүниеде болып жатқан қатыгездік пен соғыстардың негізгі себебі — алалаушылық пен жеккөрушілік.
БІЗДІҢ ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІМІЗ
Ехоба куәгерлері салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Біздің Киелі кітаптан білім беру бағдарламамыздың арқасында көптеген адамдар тәуелділіктерінен және жаман әдеттерінен арылды.
Құрылыста ең жоғарғы қауіпсіздік шараларын ұстанамыз. Біздің ғибадат ететін орындарымызды не басқа да ғимараттарымызды соғуға атсалысатын ерікті қызметшілер оқыс жағдайлардың алдын алу үшін арнайы жаттығудан өтеді. Қауіпсіздік ережелеріне сай келу үшін ғимараттарымыз жүйелі түрде тексерістен өтіп тұрады.
Адамдарға гуманитарлық көмек көрсетеміз. 2022 жылы дүниежүзі бойынша 200-дей апаттан зардап шеккен адамдарға көмек көрсеттік. Бұл іске ерікті садақадан 12 миллион доллардай қаражат жұмсалды.
Батыс Африкада (2014 жылы) және Конго Демократиялық Республикасында (2018 жылы) Эбола вирусы адамдардың өмірін жалмап жатқанда, біз көпшілікке вирустың таралуын тоқтату үшін не істеу керектігін үйреттік. Бұл үшін өкілдерімізді жіберіп, “Мойынсұнушылық өмірді сақтайды” деген тақырыпта тренинг өткіздік. Бұған қоса, барлық ғибадат орындарымыздың кіреберісіне қолжуғыштар орнатып қойдық. Қол жуу мен басқа да қорғану шараларының маңыздылығын үнемі адамдардың есіне салып отырдық.
Сьерра-Леонеде біз Куәгер және Куәгер емес адамдарға Эбола вирусынан қорғануға көмектескеніміз үшін радио арқылы мақтау сөздер естідік.
a Бұл заң ежелгі Таяу Шығыста үй ішіндегілер мен басқа да адамдардың қауіпсіздігін ойлап жүру қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.