ҚАЙҒЫРҒАН ЖҮРЕКТІҢ ЕМІ
Қайғы жамылғандар үшін таптырмас көмек
ЖАҚЫН АДАМНАН АЙЫРЫЛУДЫҢ ҚАСІРЕТІ ЖАЙЫНДА СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ КӨП ЗЕРТТЕЛУДЕ. Алдыңғы мақалада айтылып кеткендей, мамандардың ең тамаша деген кеңестері көнеден келе жатқан Киелі кітаптың даналығымен жиі астасып жатады. Бұл Киелі кітаптың қағидалары ешқашан көнермейтінін растайды. Бірақ бұл кітапта сенімді кеңестерден бөлек, басқа еш жерден табылмайтын мәліметтер бар. Бұл мәліметтер қайғы жамылған адамдарға өлшеусіз жұбаныш сыйлайды.
-
Өмірден өткен адамдар азап шекпейді
Киелі кітапта: “Өлгендер ештеңе білмейді”,— делінген (Уағыздаушы 9:5). Онда марқұмдардың ойлары ғайып болатыны айтылған (Зәбүр 146:4). Киелі кітаптың өлімді ұйқымен салыстыратыны бекер емес (Жохан 11:11, 13).
-
Жұбаныштың көзі Құдайға деген берік сенім дамиды
Киелі жазбаларда: “Ехобаның * көзі әділдерде, Құлағы көмек сұрап жалбарынған үндерінде”,— делінген (Зәбүр 34:15). Біз Құдайға жан дүниемізді ақтарып, жеңілдеп қалу үшін немесе ойды жинақтап алу үшін ғана дұға айтпаймыз. Дұға бізге Жаратушымызға жақын болуға көмектеседі. Ал оның бізге жұбаныш беруге құдіреті жетеді.
-
Жарқын болашаққа үміт береді
Болашақта жер қойнында жатқандар тіріліп, жер бетінде қайта өмір сүретін болады! Осы кез жайлы Құдай Сөзінде жиі айтылады. Сол уақыттың қандай болатынын Киелі кітап былай деп суреттейді: “Құдай [біздің] көзіміздегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:3, 4).
Өмірден өткен жақындарымен қайта қауышатынын білгені Ехоба Құдайға сенетін көптеген адамға қайғысын жеңуге күш беріп келеді. Мысалы, 65 жыл бірге өмір кешкен күйеуінен айырылған Анна былай дейді: “Киелі кітапты оқып, өлген адамдардың азап шекпейтініне және Құдай өзінің жадында сақталғандардың бәрін тірілтетініне көзім жетті. Күйеуімді есіме алғанда, ойыма осы ойлар келеді. Бұл маған басыма түскен осы бір ең қайғылы жағдаймен күресуге көмектеседі”.
Алдыңғы бір мақалада аталып кеткен Дина былай деп ой бөлісті: “Күйеуім қайтыс болған күннен бастап Құдай мені демеп келеді. Оның қолдауын басыма қара бұлт үйірілген шақта қатты сезіндім. Мен Киелі кітаптағы өмірден өткен жақындарымыздың тірілетіні жайлы уәдеге кәміл сенемін. Бұл уәде асыл жарымды қайтып көретін күн келгенше мойымауға күш беріп келеді”.
Осы кісілер сияқты миллиондаған адам Киелі кітаптың уәделері сенім артуға тұрарлық екеніне көз жеткізген. Бәлкім, сізге Киелі кітапта айтылғандар бос қиял не орындалмас армандай көрінетін шығар. Солай болса, ондағы кеңестер мен уәделердің сенімді екеніне көз жеткізіп көріңіз. Сонда Киелі кітаптың қайғы жұтқандар үшін таптырмас көмек екенін байқарсыз.
МАРҚҰМДАР ҮШІН ҚАНДАЙ ҮМІТ БАР ЕКЕНІ ЖАЙЛЫ КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ
Осы жайында jw.org сайтымызда бейнероликтер бар
ӨЛГЕН АДАМДАР ҚАНДАЙ КҮЙДЕ БОЛАДЫ?
Өлген соң адаммен не болады? Киелі кітаптың бұған берер жауабы жұбаныш сыйлайды.
КІТАПХАНА/БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАР деген жерге кіріңіз (Бейнематериалдар: КИЕЛІ КІТАП)
ҚУАНЫШТЫ ХАБАР ЕСТІГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
Жайсыз хабар жайлаған дүниеде жақсы жаңалықтар бар ма?
КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ/БАҚЫТ ПЕН ТЫНЫШТЫҚ деген жерге кіріңіз
^ 7-абзац Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.