Жақсылық жасаңыз
Шындық
Жақтырмайтын адамды бір-ақ күнде жақсы көріп кету мүмкін емес. Мысалы, вирус жұқтырған адам да бір күнде жазылып кетпейді ғой. Ол үшін уақыт керек. Екіншіден, қандай да бір ем алу керек. Алалау вирусымен де солай. Одан жазылып кету үшін уақыт керек. Бірақ қол қусырып отыра беруге де болмайды. Сонда не істеуге болады?
Киелі кітап қағидасы
“Сүйіспеншілікке бөленіңдер, өйткені ол адамдарды толықтай біріктіреді”(ҚОЛОСТЫҚТАРҒА 3:14).
Қағиданың мәні. Жақсы істер тіпті бөтен адамдардың басын біріктіреді. Жақсылық жасаған сайын адамдарды азырақ алалайтын боламыз. Осылайша адамдарды жақсы көруді үйренеміз. Сүйіспеншілік бар болса, жүректе жеккөрінішке орын қалмайды.
Ойда болсын
Сіз жақтырмайтын бір ұлттың адамына қалай жақсылық жасасам екен деп ойланып көріңіз, бірақ ұсақ-түйегіне дейін ойластырудың қажеті жоқ. Мысалы, мына кішігірім істерден бастасаңыз болады:
Әр кішкентай жақсылығыңыз алалаудан алыстатады
Адамға ілтипаттылық танытып, кірер есікті ашып беріңіз. Немесе қоғамдық көлікте орын беріңіз.
Сіздің тіліңізде жақсы сөйлемесе де, оны әңгімеге тартыңыз.
Оның әрекеті сізге түсініксіздеу болса, шыдамдылық танытыңыз.
Қиындықтары жайлы айтқанда, сезімдерін түсінуге тырысыңыз.