Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Милфорд-Саунд

ТӨРТКІЛ ДҮНИЕГЕ САЯХАТ

Жаңа Зеландияға саяхат

Жаңа Зеландияға саяхат

ОСЫДАН шамамен 800 жыл бұрын маори тайпалары тропиктегі Полинезия аралдарын артта қалдырып, мұхитқа сапарға аттанды. Олар отырған кеме мыңдаған шақырым жерді жүзіп өтіп, тұмсығын Жаңа Зеландия аралына тіреді. Таулы-тасты, қарлы, мұздықтары мен ыстық бұлақтары көп бұл өңір өте ерекше еді. Ал бес ғасырдан кейін осы жерге сонау Еуропадан басқа да адамдар қоныс аудара бастады. Сондықтан бүгінгі күні жаңазеландиялықтардың көбісі англо-саксон мен полинезия әдет-ғұрыптарын қатар ұстанады. Халықтың 90%-ы — қала тұрғындары. Дүниежүзі бойынша Веллингтон қаласы — жердің қиыр оңтүстігінде орналасқан жалғыз астана.

Солтүстік аралдағы қайнап жатқан батпақ

Қиянда жатқан оқшау арал болғанымен, Жаңа Зеландия аса сұлу әрі сан қилы табиғатымен жылына үш миллионнан аса туристі бауырына тартады.

Қырыққұлақ күміс ағашының ұзындығы кейде 10 метрден асады

1948 жылға дейін қанатсыз сұлтан тауығы жойылып кеткен деп

Бұл елдің жануарлар әлемі де ерекше. Ұшпайтын құстардың ең көп түрі осы жақта кездеседі. Мұнда 100 жылға дейін өмір сүре алатын тутара кесірткесі де мекендейді. Ал сүтқоректілерден жарғанаттың бірнеше түрі және мұхитты мекендейтін дельфиндер мен киттер бар. Өзге сүтқоректілерден айырмашылығы — олар бұл аймақта бұрыннан мекендейді.

Жаңа Зеландияда Ехоба куәгерлерінің тарихы 120 жыл бұрын басталған. Куәгерлер ниуэ, раротонга, самоа, тонга сияқты полинезиялық тілдермен қоса, тағы 19 тілде Киелі кітап жайлы тәлім береді.

Ұлттық киім киген маорилер билеп, ән айтып жатыр