Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ ДЕГЕН КІМДЕР?

Біздің ұйым қалай қаржыландырылады?

Біздің ұйым қалай қаржыландырылады?

Жыл сайын біз жүздеген миллион Киелі кітап пен оған негізделген басылымдар шығарамыз және үлестіреміз. Дүниежүзі бойынша филиалдарымыз бен баспаханаларымыз соғылып, жұмыс істеп жатыр. Ондаған мың қауым жиналыстары ғибадат ету үшін қарапайым да әдемі Патшалық сарайларында жиналады. Мұның бәрін кім қаржыландырады?

Біздің ісіміз толықтай ерікті садақаның демеуімен атқарылады (Қорынттықтарға 2-хат 9:7). 1879 жылы осы журналдың екінші санында былай делінген еді: “Біз “Сион күзет мұнарасы” [бұл журналдың сол кездегі атауы] журналының демеушісі ЕХОБА Құдайдың өзі екеніне сенеміз, сондықтан ешқашан адамдардан қолдау іздеп жалынбаймыз да, өтінбейміз де”. Біз әлі күнге дейін осы қағидадан айныған емеспіз.

Ерікті садақа филиалдарымызға тікелей жолданады немесе әрбір Патшалық сарайындағы садақа жәшігіне салынады. Бірақ біз ешқашан келгендерден садақа не оннан бір бөлікті жинамаймыз, қызметіміз және басылымдарымыз үшін ақы талап етпейміз. Уағыздағанымыз, жиналыста тәлім бергеніміз не ғибадат орындарын салуға көмектескеніміз үшін бізге ақы төленбейді. Иса пайғамбар айтқандай, “тегін алғанды тегін береміз” (Матай 10:8). Сондай-ақ біздің филиалдар мен бас басқармада және Басқарушы кеңесте тер төгетін қызметшілердің ешқайсысы да жалақы алмайды.

“Ехоба куәгерлерінің барлық іс-шараларымен қатар, діни қызметті қаржыландыру ісі де ерікті түрде жүргізіледі. Әр адам діни садақаны қанша мөлшерде және қаншалықты жиі салатынын өзі шешеді” (Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот, 2011 жыл).

Сонымен қатар, біз ерікті садақаны апаттан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында жұмсаймыз. Ежелде мәсіхшілер мұқтаждық көріп жүргендерге қуана көмектескен (Римдіктерге 15:26). Сол сияқты бүгін де біз зардап шеккендерге көмектесіп, үйлері мен ғибадат орындарын қайта соғып береміз, тамақ, киім және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз.