Елшілердің істері 4:1—37

  • Петір мен Жоханның қамауға алынуы (1—4)

    • Сенушілердің арасындағы ерлердің саны 5000-ға жетті (4)

  • Жоғарғы кеңестің алдындағы сот (5—22)

    • “Біз көріп-естігеніміз жайлы үнсіз қала алмаймыз” (20)

  • Батылдық сұрап дұға ету (23—31)

  • Шәкірттердің өз меншіктерімен ортақтасуы (32—37)

4  Петір мен Жохан халыққа сөйлеп тұрғанда, жоғарғы діни қызметкерлер*, ғибадатхананың бас сақшысы және саддукейлер*+ келіп қалды.  Олар елшілердің халыққа тәлім беріп, Исаның қайта тірілгенін ашық жариялап жатқанын+ көріп, ашуға мінді.  Сөйтіп, оларды ұстап алып, кеш батып қалғандықтан, ертесіне дейін қамауда ұстады+.  Алайда елшілерді тыңдағандардың көбісі сенді, олардың ішінде шамамен 5000 ер кісі болды+.  Келесі күні Иерусалимде ел билеушілері, ақсақалдар мен дін мұғалімдері жиналды.  Олардың арасында жоғарғы діни қызметкер Аннас+, Қаяпа+, Жохан, Ескендір және жоғарғы діни қызметкердің туыстары да бар еді.  Олар Петір мен Жоханды ортаға шығарып: “Мұны қандай билікпен, кімнің атынан істедіңдер?”— деп тергей бастады.  Сонда Петір киелі рухқа кенеліп+, былай деді: “Билеушілер мен ақсақалдар,  бүгін сіздер осы мүгедек адамды кімнің арқасында сауықтырғанымызды+ білгілеріңіз келіп, бізді тергеп жатырсыздар. 10  Ендеше, осында тұрғандардың бәрі және күллі Исраил мынаны біліп қойсын: бұл адам назареттік Иса Мәсіхтің атымен+, өздеріңіз бағанаға іліп өлтірген+, бірақ Құдай тірілтіп+ алған кісінің арқасында сауығып, алдарыңызда тұр. 11  Осы Иса — “құрылысшылар, яғни сіздер, менсінбеген тас. Ол негізгі бұрыштық тасқа* айналды+”. 12  Оның үстіне, одан басқа бізді ешкім құтқара алмайды, өйткені бізді құтқаратын+ есім+ жердегілердің ешқайсысына берілген жоқ”. 13  Олар Петір мен Жоханның батылдықпен сөйлеп тұрғанын әрі арнайы білімі жоқ* қарапайым адамдар+ екенін көріп таңғалды. Сондай-ақ бұл екеуінің кезінде Исамен бірге жүргені естеріне түсті+. 14  Бірақ әлгі сауыққан адам қастарында тұрғандықтан+, оларға қарсы ештеңе айта алмады+. 15  Сөйтіп, үшеуін Жоғарғы кеңес* жиналған жерден шығарып жіберіп, былай деп ақылдасты: 16  “Енді бұлармен не істейміз+? Олар арқылы шынымен де ерекше белгі көрсетілді. Бұған бүкіл Иерусалим тұрғындары куә болды+, ал біз бұны жоққа шығара алмаймыз. 17  Алайда бұл жайт ел арасына тарап кетпес үшін, оларды қорқытып, бұдан былай осы кісінің атынан ешкімге сөйлемесін деп қатаң ескертейік+”. 18  Содан оларды қайта шақырып алып, Исаның атынан ештеңе айтпауды және ешқандай тәлім бермеуді бұйырды. 19  Петір мен Жохан болса: “Құдайды емес, сіздерді тыңдағанымыз оның алдында жөн болар ма екен? Мұны өздеріңіз ойлап көріңіздер. 20  Ал біз көріп-естігеніміз жайлы үнсіз қала алмаймыз+”,— деді. 21  Олар жазалауға еш себеп таппағандықтан әрі болған жайт үшін Құдайды мадақтап жүрген халықтан қорыққандықтан+, екеуіне тағы да сес көрсетіп, босатып жіберді. 22  Керемет түрде сауыққан адамның жасы 40-тан асқан болатын. 23  Босатылғаннан кейін екеуі өзге шәкірттерге барып, жоғарғы діни қызметкерлер мен ақсақалдардың айтқан сөздерін жеткізді. 24  Мұны естігенде, жиналғандардың бәрі бірге Құдайға былай деп дауыстап дұға етті: “Әлемнің Әміршісі, сен көк пен жерді, теңізді және ондағының бәрін де жараттың+. 25  Сен киелі рух арқылы қызметшің әрі арғы атамыз Дәуіттің аузымен+: —Неге ұлттар дүрлігіп, халықтар іске аспайтын нәрселерді ойластыруда? 26  Жержүзінің патшалары бас көтерді, билеушілері бір кісідей жиылып, Ехоба мен оның майланғанына* қарсы шықты+,— деген едің. 27  Расында да, Ирод* пен Понти Пилат+ басқа ұлт адамдарымен және Исраилдегі халықтармен бірігіп, өзің майлаған қасиетті қызметшің Исаға+ қарсы осы қалада жиналды. 28  Олар сенің алдын ала айтқандарыңды орындау үшін бас қосты. Бұны сен құдіретті қолыңмен өз еркіңе сай жүзеге асырдың+. 29  Ехоба, олардың қоқан-лоқысына назар аударып, құлдарыңа сөзіңді батыл жариялай беруге күш дарыта көр. 30  Сондай-ақ құдіретті қолыңмен науқастарды сауықтырып, қасиетті қызметшің Исаның атынан+ белгілер мен кереметтер көрсете бергейсің+”. 31  Жалбарынып дұға еткеннен кейін, олар жиналып отырған үй сілкініп кетті. Барлығы киелі рухқа кенеліп+, Құдай сөзін батылдықпен жариялай бастады+. 32  Сол жерде шәкірт жолына түскендер көп еді. Барлығының да ой-ниеті бір* болды. Ешқайсысы қолда бар меншігін өзінікі деп есептемей, қайта, өзгелермен ортақтасты+. 33  Елшілер болса Иеміз Исаның қайта тірілуі жайлы зор куәлік берумен болды+. Ал Құдай оларға рақымын молынан төкті. 34  Олардың арасында ешкім мұқтаждық көрмеді+. Өйткені танаптары мен үйлері барлардың бәрі де онысын сатып, түскен ақшаны әкеліп, 35  елшілерге табыстады+. Ал олар ақшаны әркімге қажетіне қарай үлестірді+. 36  Елшілер Барнаба+ (“жұбатушы” дегенді білдіреді) деп атап кеткен Кипрден келген леуілік Жүсіптің 37  танабы бар еді. Ол соны сатып, түскен ақшаны елшілерге әкеліп берді+.

Сілтемелер

Яғни раввиндер мектебінен білім алмаған.
Немесе “оның Мәсігіне”.
Яғни Ұлы Ирод патшаның баласы Ирод Антипас. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “жүректері мен жандары бір”.