Жоел 3:1—21
3 Міне, сол күндері, сол уақытта,Яһуда мен Иерусалимнің тұтқындағы халқын қайтарамын+,
2 Сондай-ақ барлық халықтарды жинап,Жосафат* аңғарына* әкелемін.
Халқым үшін, меншігім Исраил үшінСол жерде олармен соттасамын+.
Өйткені олар халқымды басқа елдерге бытыратып жіберді,Ал жерімді өзара бөлісіп алды+.
3 Олар халқымды бөлісіп, жеребе тастады+,Ұл баланы жезөкшенің ақысы үшін берді,Қыз баланы ішетін шарап үшін сатты.
4 Уа, Тир, Сидон және күллі Філістір өлкесі,Маған қарсы шығуға қалай дәттерің барды?
Менен кек алмақсыңдар ма?
Егер кек алмақ болсаңдар,Бұларыңды дереу, лезде-ақ өз бастарыңа келтіремін+.
5 Өйткені менің күмісім мен алтынымды әкеттіңдер+,Ең бағалы қазынамды ғибадатханаларыңа апардыңдар,
6 Өз жерінен аластатпақ болып,Яһуда мен Иерусалим жұртын гректерге саттыңдар+.
7 Міне, сатқан жерлеріңнен оларды қайтарамын+,Оларға істегендеріңді өз бастарыңа келтіремін.
8 Ұл-қыздарыңды Яһуда жұртына сатамын+,Олар болса Шебаның адамдарына, алыстағы халыққа, сатады.
Өйткені мұны мен, Ехоба, өзім айттым.
9 Халықтарға мынаны жариялаңдар+:
—Шайқасқа дайындалыңдар*! Батырларыңды тұрғызыңдар!
Барлық сарбаздарың жақын келіп, шабуылдасын+!
10 Соқаларыңнан семсер, орақтарыңнан найза соғыңдар.
Әлсіз адам “Мен мықтымын!” десін.
11 Айналадағы халықтар жиналыңдар, келіп, бір-біріңе көмектесіңдер+!”
Уа, Ехоба, сол жерге мықтыларыңды* алып келе көр!
12 “Халықтар тұрып, Жосафат аңғарына келсін.
Мен сол жерде отырып, айналадағы халықтардың бәрін соттаймын+.
13 Орақтарыңды салыңдар, астық пісіп тұр.
Жүзім сығатын орынға келіп, таптаңдар, ол толып тұр+.
Астаудағы шырын асып-тасыды, себебі олардың зұлымдығы шектен шықты.
14 Сот аңғарына қалың жұрт жиналды,Сол аңғарда Ехобаның сот жүргізетін күні жақын+.
15 Күн мен айды қараңғылық басады,Жұлдыздар да жарқырамайды.
16 Сионнан Ехоба арыстандай ақырады,Иерусалимнен оның даусы шығады.
Сонда аспан мен жер дірілдейді.
Бірақ Ехоба өз халқына пана+,Исраил жұртына қорған болады.
17 Сол кезде менің Сионда, киелі тауымда+, тұратын Ехоба Құдайларың екенімді білесіңдер.
Иерусалим қасиетті орынға айналады+,Бөтендер* сол жерден енді өтпейтін болады+.
18 Сол күні таулардан тәтті шарап тамшылайды+,Қырлардан сүт ағатын болады,Яһуданың өзен салалары суға толады,Ехобаның үйінен бұлақ ағып шығып+,Шиттим* аңғарын суғарады.
19 Мысыр елсіз қалады+,Едом да қаңырап, қу далаға айналады+.
Өйткені олар Яһуда халқына зұлымдық жасады+,Сол елде жазықсыз қан төкті+.
20 Ал Яһуданы әрқашан жұрт мекен етеді,Иерусалимде ұрпақтан ұрпаққа ел қоныс тебеді+.
21 Жазықты деп келген олардың қанын* енді жазықсыз деп есептеймін+.
Ехоба Сионда тұратын болады+”.
Сілтемелер
^ Мағынасы “Ехоба — Соттаушы”.
^ Немесе “аңғарындағы жазыққа”.
^ Немесе “қасиетті етіңдер”.
^ Немесе “жауынгерлеріңді”.
^ Немесе “жатжерліктер”.
^ Мағынасы “қараған ағаштары”.
^ Немесе “қан төккен күнәсін”.