Жохан 19:1—42
19 Содан кейін Пилат Исаға дүре соқтырды+.
2 Сарбаздар оның басына тікеннен өрілген тәж, үстіне күлгін жамылғы жапты+.
3 Сосын алдына келіп: “Амансың ба, яһудилердің патшасы!”— деп, шапалақпен бетінен ұра бастады+.
4 Пилат қайтадан сыртқа шығып, жұртқа: “Қараңдар! Одан еш айып таппағанымды білсін деп+, оны алдарыңа алып шығамын”,— деді.
5 Басында тікен тәж, үстінде күлгін жамылғы бар Иса шыққанда, Пилат: “Міне, сол адам!”— деді.
6 Алайда жоғарғы діни қызметкерлер мен сақшылар оны көргенде: “Оны бағанаға іліңіз! Оны бағанаға іліңіз!”— деп айқайлады+. Пилат: “Алып кетіп, өздерің іліңдер. Себебі мен одан еш айып таппадым”,— дегенде+,
7 яһудилер: “Біздің заңымыз бар. Сол заң бойынша ол өлуі тиіс+, өйткені өзін Құдайдың ұлымын деп атады+”,— деді.
8 Мұны естігенде, Пилат бұрынғыдан бетер қорқып кетті.
9 Ол қайтадан сарайға кіріп, Исадан: “Сен қайдан келдің?”— деп сұрады. Бірақ Иса оған жауап бермеді+.
10 Сонда ол: “Менімен сөйлескің келмей ме? Сені босатып жіберу де, бағанаға ілдіру де менің билігімде екенін білмейсің бе?”— деді.
11 Иса: “Көктен берілмесе, маған билігіңіз жүрмес еді. Сондықтан мені ұстап бергеннің күнәсі сіздікінен де үлкен”,— деп жауап қатты.
12 Сонда Пилат оны босатып жіберудің жолын іздестірді. Бірақ яһудилер: “Оны босатсаңыз, Рим патшасына* дос емессіз. Өзін патшамын деген әркім Рим патшасына қарсы+!”— деп айқай салды.
13 Осыны естіген соң, ол Исаны алып шығып, Тастөселген (еврейше Ғаббата) деп аталатын төрелік орнына отырды.
14 Бұл Құтқарылу мейрамына дайындық+ жүріп жатқан кез еді. Шамамен алтыншы сағат* болатын. Пилат яһудилерге: “Міне, патшаларың!”— деді.
15 Алайда олар: “Көзін құртыңыз! Құртыңыз оны! Бағанаға іліңіз!”— деп айқайлады. Пилат: “Патшаларыңды бағанаға ілейін бе?”— деп еді, жоғарғы діни қызметкерлер: “Рим патшасынан басқа патшамыз жоқ!”— деп жауап берді.
16 Сонда Пилат оны бағанаға ілу үшін қолдарына тапсырды+.
Сарбаздар Исаны алып кетті.
17 Ол өзінің азап бағанасын* көтеріп, Бассүйек+ (еврейше Голгота+) деп аталатын жерге беттеді.
18 Сол жерде оны тағы екі адаммен бірге — бірін оң, екіншісін сол жағына, ал Исаны орталарына+ — бағанаға ілді+.
19 Пилат тақташаға “Назареттік Иса — яһудилердің патшасы” деп жаздырып, азап бағанасына ілдіріп қойды+.
20 Бұл жазуды көптеген яһудилер оқыды, өйткені Иса бағанаға ілінген жер қаладан алыс емес еді, әрі жазу еврейше, латынша және грекше жазылған болатын.
21 Бірақ яһудилердің жоғарғы діни қызметкерлері Пилатқа: “Яһудилердің патшасы” емес, өзі айтқандай, “Мен яһудилердің патшасымын” деп жазыңыз”,— деді.
22 Ал ол: “Мен жазарымды жазып қойдым”,— деп жауап берді.
23 Сарбаздар Исаны бағанаға ілген соң, жамылғысын төртке бөліп, әрқайсысы бір-бір бөліктен алды. Көйлегін де алды, бірақ ол бастан-аяқ тігіссіз тоқылған еді.
24 Сондықтан өзара: “Бұны жыртпай, жеребе тастап, кімге тиетінін көрейік”+,— десті. Бұл келесі жазба орны орындалу үшін болды: “Олар киімімді бөлісіп алады, көйлегім үшін жеребе салады”+. Сарбаздар тап солай істеді.
25 Иса ілінген азап бағанасының қасында анасы+, оның сіңлісі, Клопастың әйелі Мәриям және мағдалалық Мәриям тұрды+.
26 Иса анасы мен оның қасында тұрған өзінің жақсы көретін шәкіртін+ көргенде, анасына: “Мынау — енді сіздің ұлыңыз!”— деді.
27 Ал шәкіртіне: “Енді осы кісі — сенің анаң!”— деді. Сол кезден бастап шәкірті Исаның анасын өз қолына* алды.
28 Бұдан кейін Иса бәрі түгел орындалғанын біліп, жазба орны жүзеге асу үшін: “Шөлдедім”+,— деді.
29 Сол жерде қышқыл шарапқа толы ыдыс тұр еді. Сарбаздар сайсағыз* өсімдігінің сабағына сорғыш бекітіп, қышқыл шарапқа батырып алды да, оның аузына тосты+.
30 Иса қышқыл шарапты татып көрген соң: “Түгел орындалды!”+— деді де, басын иіп, соңғы демін шығарды+.
31 Даярлық күні*+ болғандықтан азап бағанасына ілінгендердің денесі Демалыс күні (ал бұл ұлы Демалыс күні болатын+) бағанада қалмас үшін+, яһудилер Пилаттан олардың аяқтарын сындырып, денелерін алдырып тастауды өтінді.
32 Сонымен, сарбаздар келіп, Исамен бірге ілінген кісілердің, алдымен, біреуінің, сосын, екіншісінің аяқтарын сындырды.
33 Ал Исаның жанына келгенде, оның өліп қалғанын көріп, аяқтарын сындырған жоқ.
34 Сөйтсе де сарбаздардың бірі оның бүйіріне найзасын сұғып алды+, сол сәтте қан мен су шықты.
35 Осыны көрген кісі куәлік етіп отырғандарының шындық екенін біледі. Ол мұны сендер де сенсін деп айтып отыр+.
36 Ал бұның бәрі келесі жазба орны орындалу үшін болды: “Оның ешбір сүйегі сындырылмайды”+.
37 Тағы бір жазба орнында: “Сонда олар өздері түйреген адамға қарайды”,— делінген+.
38 Осыдан кейін ариматеялық Жүсіп деген кісі Пилаттан Исаның денесін алып кетуге рұқсат сұрады. Ол яһудилерден қорыққандықтан Исаның шәкірті екенін жасырып жүрген еді+. Пилат рұқсат еткенде, ол келіп, мәйітті алып кетті+.
39 Сол жерге Исаға алғаш рет түн жамылып келген Нікөдем+ де келді. Ол 30 килограмдай* мүр мен алоэ қоспасын* әкелді+.
40 Содан олар Исаның денесін алып кетіп, яһудилердің жерлеу салты бойынша, хош иісті заттарды сала отырып, зығыр матаға орады+.
41 Исаны бағанаға ілген жердің маңында бір бақ болатын, сол жерде әлі ешкім қойылмаған қабір бар еді+.
42 Яһудилердің Даярлық күні+ болғандықтан әрі қабір де жақын тұрғандықтан олар Исаның денесін сонда қойды.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “цезарьға”.
^ Шамамен күндізгі 12:00. Түсіндірмені қараңыз.
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Немесе “үйіне”.
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Яғни римдік фунт. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ Мүмкін: “орамасын”.