Зәбүр 102:1—28

  • Қысым көрген жанның қиналғанда айтқан дұғасы

    • “Мен жалғыз құс сияқтымын” (7)

    • “Күндерім жоғалып бара жатқан көлеңкедей” (11)

    • “Ехоба Сионды қайта тұрғызады” (16)

    • Ехоба мәңгі қалады (26, 27)

Қысым көріп, бойын үмітсіздік билеген адамның Ехобаның алдында мұңын шаққан дұғасы+. 102  Уа, Ехоба, дұғамды естіші+,Көмек сұрап жалбарынған даусым саған жетсінші+.   Қиналған шағымда жүзіңді жасырмашы+,Еңкейіп маған құлақ салшы,Шақырғанымда тезірек жауап қатшы+.   Өйткені күндерім түтіндей сейіліп барады,Сүйектерім қызған шоқтай алаулайды+.   Тамаққа тәбетім болмай,Жүрегім қан жылап, шөптей қурап қалды+.   Қатты қиналып ыңқылдағанымнан+ Жүдеп, терім сүйегіме жабысып қалды+.   Мен құла түздегі бірқазанға,Үйінділер арасындағы байғызға ұқсаймын.   Көз ілмей ояу жатамын*,Үй төбесіндегі жалғыз құс сияқтымын+.   Дұшпандарым күнұзаққа мені қорлайды+,Мазақ қылып, менің атыммен қарғанады.   Күлді нан сияқты жеймін+,Сусыныма көз жасымды араластырып ішемін+. 10  Сен ашу шақырып, кәріңді төккендіктен осылай істеймін. Лақтырып тастау үшін сен мені жоғары көтердің. 11  Күндерім жоғалып бара жатқан көлеңкедей+,Мен шөптей қурап барамын+. 12  Ал сен, уа, Ехоба, мәңгі бар боласың+,Есімің ұрпақтан ұрпаққа жалғасады+. 13  Орныңнан түрегеліп, міндетті түрде Сионға мейірімділік танытасың+,Өйткені оған ықыласыңды түсіретін уақыт келді+. Белгіленген уақыт келіп жетті+. 14  Қызметшілерің оның тастарынан қуаныш тапты+,Топырағын да жақсы көріп кетті+. 15  Күллі ұлттар Ехобаның есімінен қорқатын болады,Жер бетінің барлық патшалары да оның ұлылығынан қаймығады+. 16  Өйткені Ехоба Сионды қайта тұрғызады+,Құдай өз салтанатымен пайда болады+. 17  Ол қаріп-қасерлердің дұғасына ден қояды+,Олардың мінажатын елеусіз қалдырмайды+. 18  Бұл келешекте пайда болатын халық Ехобаны* мадақтасын деп,Келер ұрпақ үшін жазылды+. 19  Өйткені Ехоба заңғар биіктегі киелі орнынан төмен қарайды+,Көктен жерге көз тастайды. 20  Мұны тұтқында отырған адамның күрсінісін есту үшін+,Өлімге кесілгендерді босату үшін жасайды+. 21  Сонда Сионда Ехобаның есімі жарияланады+,Иерусалимде даңқы артады. 22  Бұл халықтар мен патшалықтарЕхобаға қызмет ету үшін жиналғанда жүзеге асады+. 23  Ол мені қауқарымнан тым ерте айырды,Күндерімді қысқартты. 24  Сонда мен былай дедім: “Уа, Құдайым,Сен мәңгі бар болатын Құдайсың+,Өмірімді бел ортасынан үзе көрмеші. 25  Сен атам заманда жердің негізін қаладың,Аспанды да өз қолыңмен жараттың+. 26  Олар құрып кетеді, бірақ сен қаласың. Аспан мен жер киім іспетті тозады,Сен оларды көйлек іспетті ауыстырасың, сонда олар жоқ болады. 27  Ал сен еш өзгермейсің, ғұмырың да еш таусылмайды+. 28  Қызметшілеріңнің балалары қауіпсіз өмір сүреді,Олардың ұрпақтары да алдыңда қауіпсіз ғұмыр кешеді+”.

Сілтемелер

Мүмкін: “Әбден жүдеп-жададым”.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.