Зәбүр 144:1—15
Дәуіттің жыры.
144 Қолымды шайқасуға,Саусақтарымды соғысуға үйреткен+
Жартасым Ехоба+ мадақталсын!
2 Ол маған айнымас сүйіспеншілік танытады;Ол — менің қамалым, мықты қорғаным әрі құтқарушым;Ол — менің қалқаным, содан пана табамын+;Ол маған халықтарды бағындырды+.
3 Уа, Ехоба, сен байқайтындай адам баласы кім?
Сен назар аударатындай жұмыр басты пенде кім+?
4 Адам — небәрі дем ғана+,Өмірі де көлеңке іспетті өткінші+.
5 Уа, Ехоба, көкті иіп, төмен түсші+,Тауларға қолыңды тигізіп, түтін шығаршы+.
6 Найзағай ойнатып, жауларымды бытыратшы+,Жебелеріңмен атқылап, оларды абдыратшы+.
7 Көктен қолыңды созшы,Мені буырқанған сулардан,Жатжерліктердің қолынан құтқарып, аман сақташы+.
8 Олар ауыздарымен өтірік сөйлейді,Жалған ант беру үшін оң қолдарын көтереді.
9 Уа, Құдай, өзіңе арнап жаңа ән айтамын+,Он ішекті аспаппен мадақ әнін шырқаймын.
10 Патшаларға жеңіс сыйлайтын+,Қызметшісі Дәуітті семсерден сақтайтын Құдайға+ ән айтамын.
11 Жатжерліктердің қолынан құтқарып, аман сақташы.
Олар ауыздарымен өтірік сөйлейді,Жалған ант беру үшін оң қолдарын көтереді.
12 Сонда ұлдарымыз тез өркен жаятын жас ағаштай,Қыздарымыз сарайдың айшықталған бағаналарындай болады.
13 Қамбаларымыз алуан түрлі астыққа толады,Жайылымдағы ұсақ малымыз мыңдап, он мыңдап молаяды.
14 Буаз ірі қарамызға еш зақым болмайды, түсік те тастамайды,Көшелерімізде де зарлаған дауыс шықпайды.
15 Осының бәрін өмірінде көрген халық бақытты!
Қай халықтың Құдайы Ехоба болса, сол халық бақытты+!