Зәбүр 60:1—12
Ән-күй жетекшісіне. “Естелік лалагүлі” әуенімен айтуға арналған. Михтам*. Дәуіттің насихат жыры. Дәуіт Арам-Нахараим және Арам-Соба әскерімен шайқасып жатқанда, Жоғаб кері оралып, Тұзды аңғарда 12 000 едомдықты қырғандағы оқиғаға қатысты жазылған+.
60 Уа, Құдай, сен бізден бас тарттың, тас-талқан еттің+,Қаһарыңды төктің, ал енді бізді қайта қабылдашы.
2 Сен жерді сілкіндіріп, оны жарып тастадың;Жарықтарын бітеші, себебі ол шайқалып тұр.
3 Сен халқыңды қиындыққа ұшыраттың.
Шарап ішкізіп, теңселтіп қойдың+.
4 Өзіңнен қорқатындар жебеден жалтарып, қашып құтылуы үшін,Оларға белгі берші*. (Села)
5 Оң қолыңмен аман сақтап, бізге жауап берші,Өзің жақсы көретіндер құтқарылсын+.
6 Киелі Құдай* былай деді:
“Мен шаттанамын, Сихемді халқымның үлесіне беремін+,Суқот аңғарын да өлшеп беремін+.
7 Ғалақат менікі, Манаса да маған тиесілі+,Ефрем — басыма киер дулығам,Яһуда — билеушімнің асатаяғы+.
8 Моаб — шылапшыным+,Едомға сандалымды лақтырамын+,Філістір жеріне жеңімпаз үнмен айғай саламын+”.
9 Кім мені қоршаудағы* қалаға кіргізеді?
Кім мені Едомға бастап алып жүреді+?
10 Өзің емессің бе, уа, бізден бас тартқан Құдайымыз,Бұдан былай әскерімізбен бірге соғысқа шықпайтын Құдайымыз+?!
11 Қиын шақта көмекке келе көр,
Өйткені пенде құтқарады деп күту — бос әуре+.
12 Құдай бізге күш сыйлайды+,Жауларымызды аяғымен таптайды+.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Мүмкін: “белгі бердің”.
^ Мүмкін: “Құдай киелі тұрағында”.
^ Мүмкін: “бекіністі”.