Ишая 27:1—13
27 Сол күні Ехоба өткір, үлкен әрі мықты семсерін алып+,Левиафанға*, бұралаңдаған жыланға сермейді,Левиафанға, ирелеңдеген жыланға сілтейді,Осылай теңіздегі құбыжықтың көзін құртады.
2 Сол күні оған* мынадай ән айтыңдар:
“Көпіршіген шарап жасалатын жүзімдік+!
3 Мен, Ехоба, оны қорғап+,Әрдайым суарып жүрмін+.
Ешкім оған зияндық жасамасын деп,Оны күні-түні қорғаймын+.
4 Мен оған еш ашуланбаймын+.
Егер шайқаста біреу алдыма тікенді бұта не арамшөп қойса,Оларды аяғыммен таптап, бәрін өртеп жіберемін.
5 Одан да ол менің қорғанымды паналасын.
Менімен татулассын, бейбіт бітім жасассын”.
6 Келер заманда Жақып тамырлайды,Исраил жайқалып, өркен жаяды+.
Жерді өнімдеріне толтырады+.
7 Оны осыншама қатты соққыға жығудың керегі не?
Оны осындай өлімге ұшыратудың керегі не?
8 Ол қатты айғаймен айтысып, оны қуып шығады,Шығыс желі тұрған күні демінің зор лебімен ұшырып жібереді+.
9 Осылайша Жақыптың күнәсі кешіріледі+.
Оны күнәсінан арылтқанының жемісі мынадай болады:
Ол құрбандық орындарының тастарын ұнтақталған әктас іспетті қылады,Бірде-бір қасиетті бағана* да, хош иісті зат түтететін үстел де қалдырмайды+.
10 Бекіністі қала елсіз қалады,Жайылымдар шөл даладай қараусыз, қаңырап жатады+.
Сол жерде торпақ жайылып жүреді, ол сонда жатып,Оның бұтақтарын күйсейтін болады+.
11 Оның өркендері қурап қалғанда,Әйелдер келіп, сындырып алып отқа жағады.
Өйткені бұл халықтың түсінігі жоқ+.
Сондықтан Жаратушысы оларға мейірім танытпайды,Қалыптастырған Құдайлары ықыласын түсірмейді+.
12 Ағаштың жемісін бірінен соң бірін ұрып түсіріп, жинап алады. Сол сияқты, ей, Исраил халқы, сол күні Ехоба да екпінді Евфрат өзенінен Мысыр өзен аңғарына*+ дейін бытырап кеткен сендерді жинап алады+.
13 Сол күні үлкен керней тартылады да+, Ассирия жерінде құруға шақ қалғандар+ мен Мысыр еліне бытырап кеткендер+ келіп, Иерусалимдегі киелі тауда Ехобаға бас иеді+.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Бұл есімдік Исраилге нұсқаса керек, мұнда ол жүзімдікке теңеліп тұр.
^ Түсіндірмедегі “Қасиетті ағаш бағананы” қараңыз.
^ Түсіндірмені қараңыз.