Ишая 33:1—24

  • Үкім және әділдерге берілген үміт (1—24)

    • Ехоба — Төреші, Заң шығарушы әрі Патша (22)

    • Ешкім: “Мен науқаспын”,— демейтін болады (24)

33  Ей, өзі әлі жойылмаған қырып-жоюшы+,Өзіне әлі опасыздық жасалмаған опасыз, сен қасіретке қаласың! Қырып-жойып біткеніңде, өзің де жойыласың+. Опасыздық жасап біткеніңде, өзіңе де опасыздық жасалады.   Уа, Ехоба, ықыласыңды түсіре көрші+,Біз саған үміт артамыз. Күнде таңертең күш-қуатымыз болшы+,Иә, қиын шақтарда құтқарушымыз болшы+.   Күркіреген даусыңнан халықтар қаша жөнеледі,Түрегелгеніңде, ұлттар бытырап кетеді+.   Халқыңның олжасы обыр шегірткелер жалмағандай талан-таражға салынады;Жұрт оған үйірлі шегірткедей лап қояды.   Ехоба асқақтайды,Себебі заңғар көкте мекендейді. Ол Сионда әділдік орнатады.   Құдай сенің заманыңда тұрақтылық сыйлайды,Оның қазынасы*: зор құтқарылу+, даналық, білім және Ехобадан қорқу+.   Міне, олардың батырлары көшеде айқайлап жатыр,Бітім жасасуға жіберілген хабаршылары зар илеп жатыр.   Даңғыл жолдар бос қалды,Жолдарда ешқандай жолаушы жоқ. Жау келісімді бұзды,Қалаларды менсінбеді. Ол ешкімді адам құрлы көрмейді+.   Ел зар илеп жоқтап жатыр*, әбден титықтады. Ливан масқара болды+, құрып кетті. Сарон құла түзге ұқсады,Башан мен Кармил жапырақтарын тастады+. 10  Ехоба былай дейді: “Енді мен түрегелемін,Енді мен асқақтаймын+, даңқымды асырамын. 11  Сендер қураған шөпке жүкті болып, дүниеге сабан әкелесіңдер. Өз пиғылдарың от іспетті сендерді жалмап қояды+. 12  Халықтар күйдірілген әктастай болады. Олар шауып тасталған тікендей, отқа жағылады+. 13  Ей, алыстағылар, менің не істейтінімді тыңдаңдар! Ей, жақындағылар, менің құдіретімді мойындаңдар! 14  Сиондағы күнәкарларды үрей биледі+,Құдайдан безгендер дірдек қағып: —Арамызда кім жалмайтын оттың жанында өмір сүре алады+? Кім сөнбейтін оттың қасында өмір сүре алады?— дейді. 15  Мұны әділдік жолынан таймайтын+,Туралықты айтатын+,Арам пайдадан бас тартатын,Пара алу үшін қолын созбайтын+,Қантөгіс жайлы әңгімені тыңдамай, құлағын бітейтін,Жаман нәрсені көрмеу үшін көзін жұматын адам істей алады. 16  Ол биік тауларда өмір сүреді,Жартастағы қамалды өзіне пана етеді,Ол жейтін нансыз қалмайды,Ішетін суы еш сарқылмайды+”. 17  Сенің көздерің сән-салтанатқа кенелген патшаны,Шалғайдағы елді көретін болады, 18  Сен бойыңда үрей тудырған жайтты еске алып: “Хатшы қайда? Алым төлейтін адам қайда+? Мұнараларды санайтын адам қайда?”— дейсің. 19  Сен бұдан былай тілдері түсініксіз,Сөздерін ұғыну қиын, өрескел халықты көрмейсің+. 20  Мейрамдарымызды тойлайтын Сион қаласына қарашы+! Сен Иерусалимді, жайбарақаттық орнаған мекенді,Ешқашан қозғалмайтын шатырды өз көзіңмен көресің+. Оның қазықтары ешқашан суырылмайды,Жіптерінің ешқайсысы үзілмейді. 21  Айбынды Құдай Ехоба біз үшінӨзендері мен шалқар салалары бар өлке іспетті болады. Ол жерден бірде-бір әскери кеме керуені де,Ешқандай алып кемелер де жүзіп өтпейді. 22  Өйткені Ехоба — Төрешіміз+,Ехоба — Заң шығарушымыз+,Ехоба — Патшамыз+. Бізді құтқаратын — сол+. 23  Жау кемелерінің арқандары босап кетеді,Діңгектерін де мықтап ұстай алмайды, желкендері де жайылмай қалады. Сол кезде ағыл-тегіл олжа бөліске түседі;Тіпті ақсақтар да мол үлес алады+. 24  Ешкім*: “Мен науқаспын”,— демейтін болады+. Ел тұрғындарының күнәлары кешіріледі+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Оның беретін қазынасы”.
Мүмкін: “кеуіп қалды”.
Немесе “Ешбір тұрғын”.