Мұсаның 2-жазбасы 14:1—31

  • Исраилдіктердің теңізге келіп жетуі (1—4)

  • Перғауынның исраилдіктердің соңынан қууы (5—14)

  • Исраилдіктердің Қызыл теңізден өтуі (15—25)

  • Мысырлықтардың теңізге батуы (26—28)

  • Исраилдіктердің Ехобаға сенуі (29—31)

14  Ехоба Мұсаға былай деді:  “Исраилдіктерге: —Кері бұрылып, Миғдол мен теңіздің ортасындағы Пи-Хахироттың алдына, Бағал-Сепонға+ қарама-қарсы теңіз жағалауына қос тіксін,— деп айт.  Сонда перғауын: —Исраилдіктер адасып кетіп, шөл даладан шыға алмай жүр,— дейтін болады.  Мен перғауынға жүрегін қасарыстыруға жол беремін+. Ол сендердің соңдарыңнан қуады. Бірақ мен перғауынды және оның күллі әскерін тас-талқан етіп, даңқымды шығарамын+. Сонда мысырлықтар Ехобаның кім екенін білетін болады+”. Исраилдіктер дәл солай істеді.  Кейінірек Мысыр патшасына исраилдіктер қашып кетті деген хабар жетті. Сол-ақ екен, перғауын мен қызметшілері халықты жібергендеріне өкініп+: “Бұл не істегеніміз? Бізге құл болып жүрген Исраил халқын неге босатып жібердік?”— десті.  Перғауын соғыс арбаларын жасақтап, қасына әскерін жинады+.  Сосын 600 таңдаулы соғыс арбасын, сондай-ақ Мысырдың басқа да арбаларын қосып алды. Арбалардың әрқайсысында жауынгерлер болды.  Ехоба Мысыр патшасы перғауынға жүрегін қасарыстыруға жол бергендіктен, ол исраилдіктерді өкшелей қуа жөнелді. Ал бұл уақытта исраилдіктер Мысыр жерінен нық сеніммен шығып бара жатқан еді+.  Олардың соңына түскен мысырлықтар+ — соғыс арбалары мен салт аттылары, перғауынның әскері — исраилдіктерді Пи-Хахироттың жанында, Бағал-Сепонға қарама-қарсы теңіз жағалауында қос тігіп отырған жерінде қуып жетті. 10  Перғауын жақындап қалғанда, исраилдіктер өздерін қуып келе жатқан мысырлықтарды көріп, зәре-құттары қалмай, Ехобаға жалбарына бастады+. 11  Олар Мұсаға: “Бізді шөл далаға әкеліп өлтіретіндей, Мысырда мола табылмай қалды ма+?! Бізді неге ғана Мысырдан алып шықтың?! 12  Мысырда жүргенде, саған: —Бізді жайымызға қалдыр, мысырлықтарға қызмет ете берейік,— демеп пе едік? Мына шөл далада өлгеннен гөрі, мысырлықтарға қызмет етіп жүргеніміз артық еді ғой+!”— деді. 13  Сонда Мұса халыққа: “Қорықпаңдар+. Берік тұрыңдар, Ехобаның бүгін сендерді қалай құтқаратынын көріңдер+. Көз алдарыңдағы мына мысырлықтарды енді қайтып ешқашан көрмейсіңдер+. 14  Сендер үшін Ехобаның өзі шайқасады+. Ал сендер тыныш тұратын боласыңдар”,— деп жауап берді. 15  Ехоба Мұсаға былай деп тіл қатты: “Неге маған жалбарынып тұрсың? Исраилдіктерге қостарын жинасын деп айт. 16  Ал өзің таяғыңды алып, қолыңды теңізге қарай соз да, суды қақ айыр. Сонда исраилдіктер теңіз ортасынан ашылған құрғақ жермен арғы бетке өтеді. 17  Мен болсам мысырлықтардың жүрегінің қасарысуына жол беремін. Сол себепті олар соңдарыңнан қуа жөнеледі. Сонда мен перғауынды және оның күллі әскерін, соғыс арбалары мен салт аттыларын тас-талқан етіп, даңқымды шығарамын+. 18  Перғауынды, оның соғыс арбалары мен салт аттыларын жеңіп, даңқымды шығарғанда, мысырлықтар Ехобаның кім екенін білетін болады+”. 19  Сол кезде Исраил қосының алдында келе жатқан Құдайдың періштесі+ соңына барып тұрды. Сөйтіп, олардың алдындағы бұлт бағанасы қостың соңына қарай жылжып+, 20  мысырлықтар мен исраилдіктердің ортасына барып тұрды+. Бұлт бір жағында қараңғылық орнатып, екінші жағында түнді жарық етіп тұрды+. Осылайша мысырлықтар түні бойы исраилдіктерге жақындай алмады. 21  Мұса қолын теңізге қарай созғанда+, Ехоба шығыстан күшті жел тұрғызды. Жел түні бойы соғып, суды екіге бөліп+, теңіздің түбін құрғатты+. 22  Сөйтіп, исраилдіктер теңіз ортасындағы құрғақ жермен өтті+. Ал су олардың оң және сол жағында қабырға іспетті тұрды+. 23  Мысырлықтар олардың соңынан қуып, перғауынның барлық аттары, соғыс арбалары мен салт аттылары теңізге кірді+. 24  Таңғы күзет* кезінде Ехоба от пен бұлт бағанасынан+ мысырлықтардың әскеріне назар аударып, оларды әбден састырып, дүрбелеңге түсірді. 25  Құдай арбаларының дөңгелектерін шығарып тастағандықтан, олар әрең жылжыды. Сонда қуғыншылар: “Исраилдіктерден қашайық, өйткені олар үшін Ехоба мысырлықтарға қарсы шайқасып жатыр!”— деп айғайлады+. 26  Ехоба Мұсаға: “Қолыңды теңізге қарай соз. Су орнына келіп, мысырлықтарды, олардың соғыс арбалары мен салт аттыларын басып қалсын”,— деді. 27  Мұса сол заматта қолын теңізге қарай созды. Таңға жуық теңіз қайтадан қалпына келе бастады. Мысырлықтар қашпақ болғанда, Ехоба оларды теңізге батырып жіберді+. 28  Орнына келген су исраилдіктерді қуып теңізге кірген соғыс арбалары мен салт аттыларды, перғауынның күллі әскерін басып қалды+. Олардың бірде-бірі аман қалмады+. 29  Исраилдіктер теңіз ортасынан құрғақ жермен өткенде+, су олардың оң жағы мен сол жағында қабырға іспетті тұрды+. 30  Осылай Ехоба сол күні Исраилді мысырлықтардың қолынан құтқарды+. Олар жауларының теңіз жағасында жатқан өліктерін көрді. 31  Сондай-ақ Исраил халқы Ехобаның мысырлықтарға қарсы қолданған құдіретті күшін көрді. Сөйтіп, олар Ехобадан қорқа бастады және Ехоба мен оның қызметшісі Мұсаға сенді+.

Сілтемелер

Шамамен түнгі 2:00 мен таңғы 6:00 аралығы. Түсіндірмедегі “Күзет” сөзін қараңыз.