Мұсаның 2-жазбасы 21:1—36

  • Исраилге берілген қосымша заңдар (1—36)

    • Еврей құлдарға қатысты (2—11)

    • Біреуге жасалған зорлыққа қатысты (12—27)

    • Малға қатысты (28—36)

21  Сен мына заңдарды оларға айтып жеткіз+:  Егер араларыңдағы біреу еврейді құл етіп сатып алса+, ол алты жыл қызмет етсін. Ал жетінші жылы оған бас бостандығын тегін берсін+.  Егер ол салтбасты болып келсе, оның бір өзін жіберсін. Әйелімен бірге келген болса, әйелімен бірге жіберсін.  Ал оған қожайыны әйел әперіп, сол оған ұл-қыздар туып берсе, әйелі мен балалары қожайынында қалып, тек өзі ғана бостандық алсын+.  Бірақ құл: —Мен қожайынымды, әйелімді және ұлдарымды жақсы көремін, бас бостандығымды алғым келмейді,— деп тұрып алса+,  онда қожайыны оны есіктің не оның жақтауының жанына әкеліп, құлағын бізбен тессін, бұған Құдай куә болады*. Осылай ол өмір бойы қожайынына құл болып қалмақ.  Әлдебіреу қызын құлдыққа сатса, оған бас бостандық еркек құлдікіндей жолмен берілмейді.  Егер қожайыны қызды ұнатпай, оны кәнизак етуден айнып қалса және біреуге оның құнын төлеп босатып алуына рұқсат еткісі келсе, солай істесін. Бірақ оған опасыздық жасағандықтан, бөтен халыққа сатуға құқы жоқ.  Ал оны ұлына әйел ету үшін алған болса, оған қызындай қарасын. 10  Егер ол өзіне басқа әйел алса, кәнизагын қажетті тамақтан, киім-кешектен құр қалдырмауға тиіс және оның алдында жұбайлық міндетін+ орындауға тиіс. 11  Қожайыны кәнизагын осы үш нәрсемен қамтамасыз етпесе, оны еркіндікке тегін жіберсін. 12  Кімде-кім біреуді ұрып өлтірсе, соның өзі де өлтірілсін+. 13  Бірақ оны байқаусызда өлтіріп алса және Құдай бұған жол берген болса, онда сол адамға қашып бассауғалайтын жер белгілеймін+. 14  Ал егер ол әлдекімге қатты ашуланып, оны әдейілеп өлтірген болса+, оның өзі де өлтірілсін. Ол тіпті құрбандық орнын паналаса да, алып шығып өлтірілсін+. 15  Әке-шешесіне қол көтерген адам өлтірілсін+. 16  Кісі ұрлап+ сатқан адам немесе ұрланған кісіні ұстап отырған адам+ өлтірілсін+. 17  Әке-шешесіне тіл тигізген адам өлтірілсін+. 18  Жанжал үстінде біреу әлдекімді таспен не жұдырықпен* ұрса, ол өлмей, төсек тартып жатып қалса, 19  бірақ сыртқа таяқ сүйеніп шыға алатын болса, оны ұрған адам жазаланбасын. Тек жәбір көруші толығымен сауығып кеткенше, жұмысқа шыға алмаған күндерінің шығынын өтесін. 20  Егер біреу құлын не күңін таяқпен ұрып өлтіріп қойса, ол жазалансын+. 21  Бірақ құл не күң бір-екі күннен кейін өлсе, қожайыны жазаланбау керек. Өйткені ол — оның сатып алған меншігі. 22  Төбелесіп жатқан ер адамдар жүкті әйелді ұрып жіберіп, ол мезгілінен бұрын босанса+, алайда бала да, ана да аман қалса, онда айыпты адам әйелдің күйеуі сұраған құнды берсін. Бұл құн билердің шешімімен төленсін+. 23  Ал егер біреуі өліп қалса, жан* үшін жан алынсын+. 24  Көз үшін көз, тіс үшін тіс, қол үшін қол, аяқ үшін аяқ алынсын+. 25  Күйік үшін күйдірілсін, жарақат үшін жарақатталсын, соққы үшін соғылсын. 26  Біреу құлын не күңін көзінен ұрып, зақым келтірсе, көзі үшін оған бас бостандығын беру керек+. 27  Егер құлының не күңінің тісін сындырса, тісі үшін оған бас бостандығын берсін. 28  Біреудің бұқасы еркекті не әйелді сүзіп өлтірсе, бұқа таспен ұрып өлтіріліп+, еті желінбесін. Ал малдың иесі жазаланбайды. 29  Бірақ бұқа бұрыннан сүзеген болса, иесі бұл туралы ескерту алғанымен, оны қамап ұстамаған болса, содан ол еркекті не әйелді сүзіп өлтірсе, бұқа таспен атқыланып өлтірілсін, иесі де өлім жазасына кесілсін. 30  Егер иесінен құн сұралса, ол өз жаны үшін сұралған құнды толық беруге тиіс. 31  Бұқа біреудің ұлын не қызын сүзіп өлтірсе де, малдың иесіне осы заңға сәйкес үкім шығарылсын. 32  Бұқа біреудің құлын не күңін сүзіп өлтірген жағдайда, қожайынына 30 шекел* құн төленсін, ал мал таспен ұрып өлтірілсін. 33  Біреу шұңқырдың аузын ашып кеткендіктен не шұңқыр қазып, аузын жаппай кеткендіктен, оған біреудің бұқасы не есегі түсіп кетсе, 34  шұңқырдың иесі залалдың орнын толтырып+, мал иесіне құнын төлесін, ал өлген малды өзінде қалдырсын. 35  Біреудің бұқасы өзге біреудің бұқасын сүзіп өлтірсе, тірі малды сатып, ақшасын бөліссін, сондай-ақ өлген малды да өзара бөліп алсын. 36  Ал егер бұқасының сүзеген екенін біле тұра, қамап ұстамаған болса, мал орнына мал берсін, ал өлген малды өзінде қалдырсын.

Сілтемелер

Немесе “оны шынайы Құдайдың алдына әкел”.
Мүмкін: “қандай да бір құралмен”.
Немесе “өмір”. Түсіндірмедегі “Жан” сөзін қараңыз.
1 шекел 11,4 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.