Мұсаның 4-жазбасы 27:1—23
27 Бұдан кейін Жүсіптің ұлы Манасаның әулетінен шыққан Салопахадтың Махла, Ноға, Хогла, Мылқа және Тирса деген қыздары+ келді. Олардың әкесі Салопахад Хефердің ұлы, Ғалақаттың немересі, Манасаның ұлы Махирдің шөбересі еді.
2 Салопахадтың қыздары кездесу шатырының кіреберісіне келіп, Мұсаның, діни қызметкер Елазардың, басшылардың+ және бүкіл қауымның алдына шығып, былай деді:
3 “Әкеміз шөл далада қайтыс болды. Бірақ ол Ехобаға қарсы шыққан Қорахтың сыбайластарының арасында болған жоқ+, ол өз күнәсі үшін өлді. Оның артынан ұл қалмады.
4 Ұл баласы болмағаны үшін әкеміздің аты өз руынан өшіп қалу керек пе? Әкеміздің бауырларымен бірге біздің де иелігімізге жер берсеңіз екен”.
5 Мұса осы мәселемен Ехобаның алдына барды+.
6 Сонда Ехоба Мұсаға мынаны айтты:
7 “Салопахадтың қыздары дұрыс айтады. Оларға да әкелерінің бауырларымен бірге міндетті түрде жер бер. Әкелерінің мұралық жері соларға өтсін+.
8 Исраилдіктерге былай де: —Егер біреу артынан ұл қалдырмай көз жұмса, оның иелігіндегі жерін қызына беріңдер.
9 Қызы жоқ болса, марқұмның туған бауырларына беріңдер.
10 Егер туған бауырлары жоқ болса, жерді әкесінің бауырларына беріңдер.
11 Ал әкесінің бауырлары болмаса, оны өз әулетінің ішіндегі ең жақын қандас туыстарының біріне беріңдер, жерге сол иелік етсін. Ехоба Мұсаға бұйырғандай, бұл шешімді исраилдіктер нұсқау ретінде ұстансын”.
12 Бұдан кейін Ехоба Мұсаға былай деді: “Мына Абарим тауына шығып+, мен исраилдіктерге бергелі жатқан жерге көз таста+.
13 Оны көрген соң, ағаң Харон сияқты сен де көз жұмып+, ата-бабаларыңа қосыласың+.
14 Өйткені Зин шөлінде Исраил қауымы маған қарсы жанжал шығарғанда, сендер бұйрығыма қарсы шығып, сол судың қасында менің киелі екенімді паш етпедіңдер+. (Ол Зин шөліндегі+ Қадештегі+ Мериба суы+ еді.)”.
15 Сол кезде Мұса Ехобаға:
16 “Бәріне өмір беруші Ехоба Құдай бүкіл қауымның үстінен бір адамды тағайындаса екен.
17 Бұл адам халыққа барлық істе басшылық беріп отырар еді, сонда Ехобаның қауымы бағушысы жоқ қойлардай болмайды”,— деп өтініш айтты.
18 Ехоба Мұсаға былай деді: “Ерекше рух танытып жүрген Нұн ұлы Ешуаны шақырып, оның үстіне қолыңды қой+.
19 Сөйтіп, оны діни қызметкер Елазар мен бүкіл жамағаттың алдына тұрғызып, солардың көз алдында оны басшы етіп тағайында+.
20 Бүкіл Исраил халқы оны тыңдау үшін+, қолыңдағы биліктен* бөліп бер+.
21 Ол діни қызметкер Елазардың алдына келетін болады. Ал Елазар Ехобаның нұсқауын урим+ арқылы біліп береді. Сонда Ешуа мен күллі Исраил халқы сол нұсқауға сай жүріп-тұратын болады”.
22 Мұса бәрін Ехоба қалай бұйырса, солай істеді. Ол Ешуаны діни қызметкер Елазар мен бүкіл қауымның алдына әкеліп тұрғызды да,
23 оның үстіне қолын қойып, басшы етіп тағайындады+. Осылай Ехобаның өзіне айтқанындай істеді+.
Сілтемелер
^ Немесе “даңқыңнан”.