Мұсаның 4-жазбасы 34:1—29
34 Ехоба Мұсаға тағы былай деді:
2 “Исраилдіктерге мынадай нұсқау бер: —Міне, сендер Қанахан жеріне+ кіргелі тұрсыңдар. Иеліктеріңе берілетін бұл өлкенің шегарасы келесідей болады+:
3 Оңтүстік шегараларың Зин шөлінен басталып, Едомды бойлай орналасады. Оңтүстік шегараларың шығыстағы Тұзды теңіздің* шетінен басталады+.
4 Содан ол Акрабтың+ оңтүстік баурайынан бұрылып, Зинге дейін, одан әрі Қадеш-Барнидың+ оңтүстігіне дейін (бұл — шегараның шеті) созылады. Шегара әрі қарай Хазар-Адардан+, сосын Азмоннан өтеді.
5 Азмоннан Мысыр өзен аңғарын* бойлай Теңізге*+ барып тіреледі.
6 Батыс шегараларың Ұлы теңіздің жағалауымен өтеді. Батыстағы шегараларың, міне, осы болады+.
7 Ал солтүстік шегараларыңды былай белгілеңдер: ол Ұлы теңізден Хор* тауына дейін,
8 Хор тауынан Лебо-Хаматқа дейін+, одан Седадқа дейін+ (бұл — шегараның шеті) созылсын.
9 Әрі қарай шегара Зифронға дейін, одан Хасар-Енанға дейін+ (бұл — шегараның шеті) созылсын. Міне, солтүстіктегі шегараларың осы болсын.
10 Сосын шығыс шегараларыңды белгілеңдер. Ол Хасар-Енаннан Шефамға дейін,
11 Шефамнан әрі қарай Айынның шығысындағы Риблаға дейін, одан төмен түсіп, Кинерет*+ теңізінің шығысындағы жотаның бойымен өтсін.
12 Содан шегара Иорданның бойымен созылып, Тұзды теңізге барып тірелсін+. Сендердің жерлерің+ мен оның жан-жағындағы шегаралар, міне, осы”.
13 Бұдан кейін Мұса исраилдіктерге мынадай нұсқау берді: “Ехобаның бұйрығымен, тоғыз жарым рудың иелігіне жеребе+ арқылы бөліп берілетін жер — осы.
14 Себебі рубен руы, ғад руы және манаса руының жартысы иелікке жер алып қойған+.
15 Осы екі жарым ру мұраларын Иерихонның маңындағы Иорданның шығыс бетіндегі өлкеден алған+”.
16 Ехоба Мұсаға тағы былай деді:
17 “Халыққа жерді діни қызметкер Елазар+ мен Нұн ұлы Ешуа+ бөліп береді.
18 Оларға көмектесу үшін әр рудан бір-бір басшыдан алынсын+.
19 Бұлардың аты-жөні мынау: яһуда руының+ басшысы Епунех ұлы Халеп+,
20 шимон руының+ басшысы Әмихуд ұлы Шемуел,
21 бениямин руының+ басшысы Кислон ұлы Елидад,
22 дан руының+ басшысы Жоғлы ұлы Бүкей,
23 Жүсіптен тараған манаса руының+ басшысы Епот ұлы Ханиел,
24 ал ефрем руының+ басшысы Шептан ұлы Кемуел,
25 забулон руының+ басшысы Парнах ұлы Елсапан,
26 исахар руының+ басшысы Аззан ұлы Палтиел,
27 ашир руының+ басшысы Шеломи ұлы Ахиуд,
28 нафталим руының+ басшысы Әмихуд ұлы Педахел”.
29 Ехоба Қанахан жерін исраилдіктерге бөліп беруді осыларға тапсырды+.
Сілтемелер
^ Яғни Өлі теңіз.
^ Ұлы теңіз, яғни Жерорта теңізі.
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Қайда орналасқаны белгісіз. Ливан тау жоталарының биік бір шоқысы болса керек.
^ “Генесәрет көлі”, “Ғалилея теңізі” деп те аталады.