Нақыл сөздер 15:1—33
15 Биязы жауап ашуды басар+,Ауыр сөз ыза тудырар+.
2 Дананың тілі білімін игілікке қолданар+,Ақылсыздың аузы ақымақтықты лақ еткізер.
3 Ехобаның назары барлық жерде,Жақсы мен жаман да оның көз алдында+.
4 Шипалы тіл өмір ағашы болар+,Өтірік сөз рухты күйретер.
5 Ақылсыз бала әке тәрбиесін менсінбейді+,Ал парасатты жан түзетуді қабыл алады+.
6 Әділдің үйі қазынаға толы,Зұлымның тапқаны берекесін алар+.
7 Дананың аузы білім таратады+,Ал наданның жүрегі оған дауаламайды+.
8 Зұлымның құрбандығы Ехобаға жеркенішті+,Ал әділдің дұғасы оған ұнамды+.
9 Ехоба зұлымдардың жолын жек көреді+,Әділдікке ұмтылғандарды жақсы көреді+.
10 Жолдан тайғанға түзету қаталдық боп көрінер+,Сөгісті жек көрген адам өлім құшар+.
11 Көр* мен қара жердің қойнындағылар Ехобаға аян болса+,Адамның жүрегі одан бетер аян емес пе+?!
12 Мысқылдағыш өзін түзеткенді жақтырмайды+,Ол дананың кеңесіне жүгінбейді+.
13 Қуанышты жүрек адамның жүзін жайнатар,Қайғылы жүрек рухты күйретер+.
14 Түсінігі бардың жүрегі білім іздер+,Наданның аузы надандыққа тойғызар+.
15 Мұңшыл адамның барлық күні қайғылы+,Көңілді жанның әр күні той-думан+.
16 Мол байлықпен уайымдап өмір сүргенше+,Азғана дүниемен Ехобадан қорқып өмір сүрген артық+.
17 Жеккөрушілік бар жерде семіз бұқа етін жегенше+,Сүйіспеншілік бар жерде көкөніс жеген артық+.
18 Ашушаң ұрыс-жанжал туғызар+,Ұстамды жан дауды басар+.
19 Жалқаудың жолы толған тікен+,Турашылдың жолы тегіс те даңғыл+.
20 Ақылды бала әкесін қуантады+,Ақылсыз бала шешесін менсінбейді+.
21 Парықсыз* жан ақымақтыққа мәз болар+,Парықты жан тура жолмен алға басар+.
22 Ақылдаспаған жерде жоспар іске аспайды,Кеңесші көп болса, ол жүзеге асады+.
23 Дұрыс жауап бергені қуантады+ адамды,Уақытында айтылған сөз қандай жақсы+!
24 Түсінігі молдың өмір жолы өрге бастар+,Төменде жатқан көрден* аулақ әкетер+.
25 Ехоба тәкаппардың үйін ойран етеді+,Жесірге тиесілі жердің шегарасын қорғайды+.
26 Зұлымның айла-амалы Ехобаға жеркенішті+,Ал жағымды сөздер оның көз алдында таза+.
27 Арам пайда табушы үй ішін пәлеге ұшыратар+,Параны жек көретін аман-есен өмір сүрер+.
28 Әділ өз жауабын ойлап берер+,Зұлым жамандықты аузынан лақ еткізер.
29 Ехоба зұлымдардан алыс тұрар,Ал әділдің дұғасына құлақ түрер+.
30 Жайнаған көз жүректі қуантар,Жақсы хабар сүйекке күш-қуат дарытар+.
31 Өмір сыйлайтын кеңеске құлақ асатын жанДаналардың үйінде отырар+.
32 Тәрбиеден бас тартқан өз жанын жек көрер+,Түзетуге құлақ асқан түсінікке ие болар+.
33 Ехобадан қорқу даналыққа үйретер+,Кішіпейілділік абырой әкелер+.
Сілтемелер
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
^ Сөзбе-сөз “жүрегі жоқ”.
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.