Нақыл сөздер 26:1—28

  • Жалқау адамның сипаттамасы (13—16)

  • Өзгенің жанжалына араласпа (17)

  • Орынсыз қалжыңнан аулақ бол (18, 19)

  • Отын жоқ жерде от өшер (20, 21)

  • Жалақордың сөзі дәмді тағамдай (22)

26  Жазда жауған қардай, орақ кезіндегі жаңбырдай,Сый-құрмет те ақымаққа жараспас+.   Тектен-текке торғай пыр етпес, қарлығаш та ұшпас,Адам да себепсіз қарғысқа ұшырамас.   Қамшы — атқа, ауыздық — есекке+,Ал таяқ — ақымақтың арқасына+.   Ақымаққа ақымақтығына қарай жауап берме,Әйтпесе өзіңді соған тең етерсің.   Ақымаққа ақымақтығына қарай жауап бер,Әйтпесе ол өзін ақылдымын дер+.   Ісін ақымаққа сеніп тапсырған адамАяғын мертіктіріп, өзіне зақым келтіргенге ұқсар.   Наданның аузынан шыққан нақыл сөзАқсақтың ақсаңдаған аяғындай болар+.   Ақымаққа қошемет көрсетуСақпанға тасты байлап қоюмен бірдей+.   Ақымақтың аузынан шыққан нақыл сөзМастың қолындағы тікен бұтағы секілді. 10  Наданды я көрінген адамды жалдаушыБеталды жарақат салатын садақшыға ұқсайды. 11  Төбет қайта оралар құсығына,Қайталар надандығын ақылсыз да+. 12  Өзін данышпан санайтын адамнан гөріАқымақтың түзелетініне үміт көбірек+. 13  Жалқау: “Көшеде жас арыстан жүр! Алаң ортасында арыстан тұр!”— деп сылтауратар+. 14  Есік топсасында айналар,Жалқау төсегінде аунап жатар+. 15  Жалқау қолын табаққа салар,Бірақ аузына апаруға қиналар+. 16  Еріншек өзін ақылмен жауап беретінжетеуден де дана санар. 17  Жолшыбай өзгенің жанжалына күйіп-піскен*,Ұқсайды адамға иттің құлағынан ұстап алған+. 18  Отты қару мен қауіпті жебе лақтыратын есалаң қандай болса, 19  Біреуді алдап, артынан “жай қалжың ғой” дейтін де дәл сондай+. 20  Отын жоқ жерде от өшер,Жалақор жоқ жерде, ұрыс-керіс бітер+. 21  Көмір — шоққа, отын — отқа,Ал ұрысқақ адам — дау-жанжалға+. 22  Жалақордың сөзі дәмді тағамдай,Оңай жұтылып, ішке түсер+. 23  Зұлым жүректен шыққан жұмсақ сөз* Қыш сыныққа жалатылған күмістей+. 24  Өзгелерді жек көретін адам мұны тілімен жасырар,Бірақ жүрегінде ұялаған арамдық бар. 25  Қанша майда сөйлесе де, оған сенбе,Өйткені жеті сұмдық жатыр жүрегінде. 26  Қулықпен жеккөрінішін жасырса да,Зұлымдығы әшкере болар қауымда. 27  Ор қазған адам оған өзі түсер,Тасты орнынан домалатқан оның астында қалар+. 28  Жалған тіл өз құрбанын жек көрер,Жағымпаз ауыз өзгені ойран етер+.

Сілтемелер

Мүмкін: “киліккен”.
Сөзбе-сөз “ыстық тіл”.