Таңдаулы ән 7:1—13
7 “Сандал киген аяғың қандай әдемі,Уа, мейірбан бойжеткен!
Бөксеңнің пішіні әшекейдейҚас шебердің қолынан шыққан.
2 Кіндігің дөңгелек тостағандай,Одан дәмдеуіш қосылған шарап үзілмесін.
Құрсағың үйілген бидайдай,Айналасын қоршай лалагүл өскен.
3 Қос төсің ұқсайды екі төлге,Киіктің егіз лағына+.
4 Мойның+ піл сүйегінен жасалған мұнарадай+.
Көздерің+ Хешбон+ хауыздарындай,Бат-Рабим қақпасының жанындағы.
Мұрның сенің Ливан мұнарасындай,Дамаскіге қарап тұрған.
5 Басың Кармил тауындай+,Бұйра шашың+ күлгін түбіттей+.
Төгілген шашың патшаны баурап әкетті.
6 Қандай сұлусың, қандай сүйкімдісің,Уа, сүйікті бойжеткен, ләззат атаулыдан артықсың!
7 Тал бойың келісті құрма пальмасындай,Қос төсің оның жеміс шоқтарындай+.
8 —Пальма ағашына өрмелеп шығып,Жеміс салған сабақтарын ұстайын,— дедім мен.
Болсын сенің төстерің жүзім шоқтарындай,Ал демің алманың жұпарындай,
9 Таңдайың тіл үйірген керемет шараптай”.
“Бұл шарап сүйіктіме жайлап ақсын,Қымбаттымның сүйіп еріндерін.
10 Мен асылыма тиесілімін+,Оның аңсағаны менмін.
11 Келші, менің қымбаттым,Барайықшы, кәнеки, далаға,Демалайық қынагүлдер арасында+.
12 Ерте тұрып, жүзімдікке барайық,Жүзімдер өркен жайды* ма екен,Гүлдері оның ашылды ма екен+,Анарлар гүлдеді ме екен, көрейік+.
Сол жерде сезімімді өзіңе білдірейін+.
13 Мандрагордың+ иісі аңқиды,Есігіміздің алдында таңдаулы жемістің бәрі бар+.
Жаңасын да, ескісін де,Уа, қымбаттым, саған арнап сақтап қойдым.
Сілтемелер
^ Немесе “бүршік жарды”.