Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2-СҰРАҚ

Құдайды қалай танып-білуге болады?

“Осы Заң кітабындағы сөздерді аузыңнан тастама, әрі мұқият орындау үшін күндіз-түні соларды күбірлеп оқы. Сонда әрқашан жемісті болып, даналықпен әрекет етесің”.

Ешуа 1:8

“Олар Құдай Заңы жазылған кітапты дауыстап оқып, анық етіп түсіндіріп, мәнін ашып беріп тұрды. Осылай адамдарға оқылып жатқан сөздерді ұғынуға көмектесті”.

Нехемия 8:8

“Зұлымдардың кеңесімен жүрмейтін... адам неткен бақытты! Ол Ехобаның заңынан қуаныш табады, Оның заңын күні-түні күбірлеп оқиды... Оның әрбір ісі сәтті болады”.

Зәбүр 1:1—3

“Күймеге жақындағанда, Філіп әлгі кісінің Ишая пайғамбардың жазбасын дауыстап оқып отырғанын естіп: “Оқығандарыңызды түсініп жатырсыз ба?”— деп сұрады. Ол: “Ешкім үйретпесе қалай түсінейін?”— деді”.

Елшілердің істері 8:30, 31

“Оның көзге көрінбейтін қасиеттері — мәңгілік күші мен құдайлық болмысы — дүние жаратылғаннан бері айқын. Бұларды оның жаратылыстарынан көріп, түсінуге болады, сондықтан олар Құдайды біле алмадық деп еш ақтала алмайды”.

Римдіктерге 1:20

“Осылар туралы ой жүгірт, өзіңді соларға арна, осылайша жетістіктерің жұрттың бәріне анық көрінетін болсын”.

Тімөтеге 1-хат 4:15

“Сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлейік... жиналыстарға бармай қалуды әдетке айналдырмайық”.

Еврейлерге 10:24, 25

“Қайсыбіреуіңе даналық жетпей жатса, жомарттықпен әрі еш жазғырмай бере салатын Құдайдан сұрай берсін, сонда оған беріледі”.

Жақып 1:5