2-СҰРАҚ
Қарапайым ағзалар шынымен қарапайым ба?
Адамның тәні — ғаламдағы ең күрделі құрылымдардың бірі. Ол сүйек, қан, жүйке және тағы басқа 100 триллион жасушадан тұрады7. Жалпы адам ағзасында жасушаның 200-ден аса түрі бар8.
Жасушалар пішіні мен қызметі жағынан бір-бірінен қатты ерекшеленгенмен, өзара байланысқан біртұтас күрделі жүйені құрайды. Дүниенің төрт бұрышындағы миллиондаған компьютерді байланыстырып, ақпаратты асқан жылдамдықпен жеткізіп отыратын желісі бар Интернеттің өзі мұның қасында түкке тұрғысыз болып қалады. Тіпті таңғажайып құрылымы бар ең қарапайым жасуша адам ойлап тапқан құрылғылардың қай-қайсысынан да асып түседі. Адам ағзасын құрайтын осы жасушалар қалай пайда болды?
Көптеген ғалымдар не дейді? Барлық жасушалар құрылысына қарай екі топқа бөлінеді. Біріне ядросы бар эукариоттар, екіншісіне ядросы жоқ прокариоттар кіреді. Адам, жануар және өсімдік жасушалары бірінші топқа, ал бактериялар екінші топқа жатады. Прокариот жасушалары эукариоттарға қарағанда қарапайымдау болғандықтан, көп адам өсімдіктер мен жануарлардың жасушалары бактерия жасушаларынан пайда болды деп есептейді.
Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, миллиондаған жыл бойы “қарапайым” прокариот жасушалары басқа жасушаларды жұтып, оларды қорыта алмағандықтан іштерінде бүтіндей сақтаған. Бұл теория бойынша, іштегі жасушалар *9.
ақыл-санасы жоқ табиғаттың әсерімен қызметтерін толық өзгертіп, өзін жұтқан жасушамен бірге бөлінетін болдыКиелі кітапта не делінген? Киелі кітапта жер бетіндегі тіршілікті саналы Тұлғаның жаратқаны айтылған. Онда мынадай қисынды ой жазылған: “Әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің де Жаратушысы — Құдай” (Еврейлерге 3:4). Сондай-ақ онда былай делінген: “Сенің істерің не деген көп, Жаратқан Ие? Сен бәрін даналықпен жасадың; жер Сенің туындыларыңа лықып тұр... Онда сансыз көп бауырымен жорғалайтындар, үлкенді-кішілі жануарлар бар” (Забур 103:24, 25 Тт).
Айғақтар не дейді? Микробиология саласындағы жетістіктердің арқасында ең қарапайым прокариот жасушаларының таңғажайып құрылымын қарастыруға мүмкіндік бар. Эволюционистердің пайымдауынша, ең алғашқы жасушалар осы прокариоттарға ұқсас болған10.
Эволюция теориясы рас болса, алғашқы “қарапайым” жасушаның кездейсоқ пайда болғандығының бұлтартпас дәлелдері болуы тиіс. Ал барлығы жаратылған болса, тіпті ең кішкентай ағзалардың құрылымынан арнайы ойластырылып жасалғаны айқын көрініп тұруы керек. Ендеше прокариот жасушасының ішіне “саяхат” жасап, құрылымын зерттеп көрейік. Зерттеу барысында: “Осындай жасушаның өздігінен пайда болуы мүмкін бе?”— деп ойланып көр.
ЖАСУШАНЫҢ ҚОРҒАНЫС ҚАБАТЫ
Прокариот жасушасының ішіне саяхат жасау үшін нүктенің көлемінен бірнеше жүз есеге дейін кішіреюіміз керек. Жасушаның жарғақшасы тығыз әрі майысқақ келеді. Ол зауытты айнала қоршаған кірпіш қабырға сияқты, жасуша үшін нағыз қорғаныш болып табылады. Жарғақшаның жіңішке болғаны соншалық, бір парақ қағаздың қалыңдығынан 10 000 есе жұқа келеді. Сөйтсе де ол кірпіш қабырғадан әлдеқайда күрделі. Қалайша?
Кірпіш қабырға іспетті, жарғақша жасушаны сырттан келетін зиянды әсерден қорғайды. Алайда ол тегіс емес. Оның бойындағы шұрықтар жасушаның “тыныс алуына” мүмкіндік беріп, оттегі сияқты кішігірім молекулаларды өткізіп тұрады. Жарғақша күрделірек әрі зиянын тигізуі мүмкін молекулаларды жасушаның “рұқсатынсыз” кіргізбейді. Ал пайдалы молекулаларды жасушадан шығармай, ұстап қалады. Бұл қалай жүзеге асады?
Тағы да зауытты еске алайық. Жүк тиелген көліктердің келіп-кетуін қадағалап отыру үшін әдетте оның қақпасына күзет қойылады. Жасушадағы бұл қызметті арнайы ақуыз молекулалары атқарады. Олар жасуша жарғақшасының “қақпасы” мен “күзетшілері” ретінде қызмет етеді.
Кейбір ақуыздардың (1) ортасында саңылау болады. Сол арқылы молекулалардың нақты бір түрлері ғана
өтіп тұрады. Өзге ақуыздардың бір шеті ашық, (2) ал екінші шеті жабық болады. Мұндай ақуыздар ашық тұратын шеті арқылы (3) өзінің көлеміне сай келетін белгілі бір заттарды ғана қабылдап отырады. “Жүк” келіп түскен соң, ақуыздың екінші шеті ашылып, оны жарғақшадан өткізіп жібереді (4). Мұндай процестер тіпті ең қарапайым жасушаның жарғақшасында да өтеді.ЗАУЫТТЫҢ ІШІНДЕ
Сонымен, “күзеттен” өтіп, прокариоттың ішіне кірдік делік. Оның іші тұздар мен қоректік заттардан тұратын сұйықтыққа толы. Жасуша бұл “шикізаттарды” өзіне қажетті өнімдерді жасап шығару үшін қолданады. Алайда бұл процесс қалай болса солай өтпейді. Жұмысы жақсы ұйымдастырылған зауыт іспетті, жасушадағы мыңдаған химиялық процестер белгілі бір ретпен әрі өз уақытында жүріп отырады.
Ақуыз түзу үшін жасуша көп уақыт жұмсайды. Алдымен, біз жасушаның аминқышқылы деп аталатын негізгі құрамдас бөлігінің 20-ға жуық түрін қалай шығаратынын бақылай аламыз. Аминқышқылдары түзіліп болғаннан кейін рибосомаларға жеткізіледі (5). Ал рибосомалар автоматтандырылған құрылғылар іспетті, оларды белгілі бір ретпен байланыстырып, ақуыздың нақты бір түрін түзеді. Зауыттағы жұмыс орталық компьютерлік бағдарлама арқылы басқарылатыны сияқты, жасушада өтетін көптеген процестер де ДНҚ деп аталатын “компьютерлік бағдарламаның” нұсқауымен жүзеге асады (6). ДНҚ рибосомаға ақуыздың қай түрін және қалай түзу керектігі анық көрсетілген нұсқаулардың көшірмесін жіберіп отырады (7).
Жаңадан түзілген ақуыздың қандай кейіпке енетінін көріп таңғаларсың. Әр ақуыз үшөлшемді пішіні бар құрылымға айналады (8). Оның бұл пішіні қандай қызмет атқаратынын анықтайды *. Көлік құрастыратын конвейерді көз алдымызға елестетіп көрейікші. Көлік оталып, жақсы жүру үшін оның әр бөлшегін өз орнына орналастыру керек. Сол сияқты ақуыз да қызметін жақсы атқару үшін құрылымы мен пішіні дәл өзіне қажетті шамада қалыптасу керек. Бұлай болмаған жағдайда ол жасушаға зақым келтіруі мүмкін.
Жаңа түзілген ақуыз “жұмыс орнына” жолды қалай тауып барады? Әрбір ақуызға мекенжайы көрсетілген “қағаз” беріледі. Әр минут сайын мыңдаған ақуыз түзіліп отырса да, олардың әрқайсысы адаспай, “жұмыс орнын” дәл тауып барады.
Бұл айғақтардың қандай мәні бар? Тіпті ең қарапайым ағзадағы күрделі молекулалар өз бетінше көбейе алмайды. Олар жасушадан тыс ортада ыдырап кетеді. Ал жасушаның ішінде өзге күрделі молекулалардың көмегімен ғана көбейе алады. Мысалы, энергия көзі болып табылатын аденозинтрифосфат (АТФ) деген арнайы молекуланы түзу үшін ферменттер қажет, ал фермент түзілу үшін АТФ өндіретін энергия керек. Дәл сол сияқты, ДНҚ (бұл 3-бөлімде қарастырылады) ферменттерді, ал ферменттер ДНҚ молекулаларын қажет етеді. Сондай-ақ басқа ақуыздар жасушаға, ал жасуша ақуыздарға тәуелді *.
13 Сосын, ол былай деп қосты: “Жасушаның тіршілігі үшін қажет процестердің күрделі болғаны сонша, олардың бір уақытта кездейсоқ пайда болуы мүмкін еместей көрінеді”14.
Микробиолог Раду Поупа Киелі кітапта баяндалған жарату ісіне сенбейді. Десе де ол 2004 жылы ойландыратын мынадай сұрақ көтерді: “Біз жүргізген барлық тәжірибелердің сәтсіз аяқталғанын ескерсек, бұл табиғаттың қолынан келеді деп сену қаншалықты орынды?”Сен не ойлайсың? Эволюция теориясының жақтаушылары жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын Жаратушының қатысуынсыз түсіндіруді жөн көреді. Алайда ғалымдар тірі ағзалардың сан-алуан қырларын ашқан сайын, оның өздігінен пайда болу мүмкіндігі де азаюда. Осы жайтты айналып өту үшін кейбір эволюционистер тіршіліктің бастау алуы мен эволюция теориясын екі түрлі мәселе ретінде қарастырғысы келеді. Қалай ойлайсың, бұл дұрыс па?
Эволюция теориясы тіршілік көптеген сәтті кездейсоқтықтардың нәтижесінде бастау алды деген түсінікке негізделген. Осы теорияға сай, кейіннен басқа да кездейсоқ жағдайлар орын алып, тірі ағзалардың сан-алуан әрі күрделі түрлері шыға бастады. Алайда бұл теорияның іргетасы жоқ болса, оған негізделіп айтылған басқа да теориялармен не болмақ? Іргетасы жоқ зәулім үйдің құлап қалатыны сияқты, тіршіліктің қалай бастау алғанын түсіндіре алмайтын эволюция теориясының да құлдырайтыны шүбәсіз.
“Қарапайым” жасушаның құрылысы мен қызметін қарастыру барысында қайсысын байқай алдың, бірсыпыра кездейсоқтықты ма, әлде барлығының керемет етіп ойластырылғанын ба? Нақты бір қорытындыға әлі келмеген болсаң, келесі бөлімге назар аударғаның жақсы. Ол жерде барлық жасушалардың қызметін қадағалайтын “негізгі бағдарлама” — ДНҚ-ны мұқият қарастырайық.
^ 6-абзац Бұл теория тәжірибе жүзінде әлі дәлелденген жоқ.
^ 18-абзац Ферменттер — ақуыздың бір түрі. Олар пішініне қарай белгілі бір химиялық әрекеттерді тездетеді. Жүздеген ферменттер өзара қызметтесіп, жасушадағы зат алмасу процесін реттеп отырады.
^ 20-абзац Адам ағзасындағы кейбір жасушалар шамамен 10 000 000 000 ақуыздан тұрады11. Мұндай жасушаларда олардың жүз мыңдаған түрі кездеседі12.