3-САБАҚ
Қуанышты хабардың Құдайдан екенін қайдан білеміз?
1. Киелі кітаптың авторы кім?
Адамзаттың жер бетінде мәңгі өмір сүретіні туралы қуанышты хабар Киелі кітапта жазылған (Зәбүр 37:29). Құдай оны 40-қа жуық адал ер адамға жаздырған. Киелі кітап 66 кітаптан тұрады. Оның алғашқы бесеуін шамамен 3500 жыл бұрын Мұса пайғамбар, ал соңғысын 1900 жылдан астам уақыт бұрын Жохан деген кісі жазған. Бұл ер адамдар кімнің ойын жеткізген? Құдай оларға өз хабарын киелі рухы, яғни құдіретті күші, арқылы білдіріп отырған (Самуилдің 2-жазбасы 23:2). Осылайша олар өздерінің емес, Құдайдың ойын жазған. Демек, Киелі кітаптың авторы — Ехоба Құдай. (Тімөтеге 2-хат 3:16; Петірдің 2-хаты 1:20, 21 оқыңыз).
“Киелі кітаптың авторы кім?” деген бейнероликті көріңіз.
2. Киелі кітаптың Құдайдан екенін қайдан білеміз?
Мұның бір дәлелі — Киелі кітапта болашаққа қатысты оқиғалар егжей-тегжейлі сипатталып, дәл орындалып отырған. Мұның ешбір адам баласының қолынан келмейтіні сөзсіз (Ешуа 23:14). Құдіреті зор Құдай ғана адамдардың болашағын дәл айта алады. (Ишая 42:9; 46:10 оқыңыз).
Құдайдан келген кітап ерекше болу керек деп күткен орынды. Ал Киелі кітап — дәл сондай кітап. Ол жүздеген тілге аударылып, миллиардтаған данамен басып шығарылған. Көне болғанмен, Киелі кітап бүгінгі ғылыммен толық үйлеседі және оны жазған 40 адамның сөздері бір-біріне қайшы келмейді. Сондай-ақ бұл кітапта Құдайдың сүйіспеншілігі айқын көрініс табады. Бұған қоса, бүгінгі күнге дейін Киелі кітап адам өмірін жақсы жаққа қарай өзгерте алатын күшін жоғалтпаған. Ал ең бастысы, Жаратушымыз құдіреті шексіз Құдай болғандықтан, ол өз сөзінің өзгертілуіне ешқашан жол Ишая 40:8; Салоникалықтарға 1-хат 2:13 оқыңыз).
бермес еді. Осы айғақтар Киелі кітаптың Құдай Сөзі екеніне сан миллиондаған адамның көзін жеткізді. (“Киелі кітаптың Құдайдан екенін қайдан білеміз?” деген бейнероликті көріңіз.
3. Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
Құдайдың адамзатқа қатысты керемет ниеті туралы қуанышты хабар Киелі кітаптың басты тақырыптарының бірі болып табылады. Бұл кітапта адам баласының жер бетіндегі жұмақта өмір сүру мүмкіндігінен қалай айырылғаны және жұмақтың қалай қалпына келтірілетіні баяндалады. (Аян 21:4, 5 оқыңыз).
Сондай-ақ Киелі кітапта заңдар мен ақыл-кеңестер бар. Бұған қоса, онда Құдайдың тарих бойы адамдарға қалай қарағаны да жазылған. Сондықтан Киелі кітапты оқитын болсақ, Құдайды жақыннан танып, онымен достаса аламыз. (Зәбүр 19:7, 11; Жақып 2:23; 4:8 оқыңыз).
4. Киелі кітапты қалай түсінуге болады?
Бұл кітапша сізге Киелі кітапты түсінуге көмектеседі. Мұнда Киелі кітаптағы хабар Иса пайғамбар қолданған тәсіл бойынша түсіндіріледі. Иса Киелі жазбаларды бір-бірлеп келтіріп, олардың “мәнін түсіндірген”. (Лұқа 24:27, 45 оқыңыз).
Құдайдан келген хабар сияқты соншалықты қуаныш әкелетін нәрселер бүгінде кемде-кем шығар. Десе де кейбіреулер бұл хабарға немқұрайды қарайды, ал өзгелері тіпті наразылық білдіреді. Алайда еш мойымаңыз. Сіздің мәңгі өмір сүруге деген үмітіңіз, ең алдымен, Құдай жайлы білім алуыңызға байланысты. (Жохан 17:3 оқыңыз).