Құдайдың үкіметі жайлы естігенсіз бе?
Сіздің жауабыңыз:
-
Иә, естігенмін.
-
Бірінші рет естіп тұрмын.
-
Ол қандай үкімет?
КИЕЛІ КІТАПТА БҰЛ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЛІНГЕН?
“Көктегі Құдай ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады” (Даниял 2:44).
“Оған... билік, даңқ пен патшалық берілді. Оның... патшалығы ешқашан жойылмайды” (Даниял 7:14).
МҰНЫ БІЛУДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
-
Бұл әділ үкіметтің игіліктерін сіз де көре аласыз (Ишая 48:17, 18).
-
Бұл үкімет жер бетін жұмаққа айналдырады, сол кезде сіз бақытты өмір кешетін боласыз (Аян 21:3, 4).
КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ БҰЛ СӨЗДЕРГЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?
Иә, бұған кемінде екі себеп бар:
-
Иса пайғамбар Құдайдың үкіметі, немесе патшалығы, нені жүзеге асыратынын көрсетіп кеткен. Ол өз ізбасарларына Құдайға былай дұға етіңдер деген: “Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” (Матай 6:9, 10). Ол осы Патшалық орнағанда, қандай жайттар орын алатынын да көрсеткен.
Мысалы, Иса пайғамбар жерде болған кезінде ашыққандарды тамақтандырып, ауруларды сауықтырған және марқұмдарды қайта тірілткен (Матай 15:29—38; Жохан 11:38—44). Осылайша ол Құдай Патшалығының болашақ Билеушісі ретінде бұл үкіметтің өз азаматтарына қандай керемет игіліктер әкелетінін көрсеткен (Аян 11:15).
-
Дүниедегі жағдайлар Құдай Патшалығының жақында орнайтынын дәлелдейді. Құдай Патшалығы жер бетінде тыныштық орнатпас бұрын, дүниеде соғыстардың, жер сілкіністері мен ашаршылықтың белең алатынын Иса пайғамбар алдын ала айтқан (Матай 24:3, 7).
Біз осы жайттардың болып жатқанын күнде көріп жүрміз. Ендеше Құдай Патшалығының жақында орнайтынына және оның осындай қиындықтардың бәрін біржола жоқ қылатынына сенімді болуымызға негіз бар.
МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗШІ:
Құдайдың үкіметі билік еткенде, өмір қандай болады?
Мұның жауабын Киелі кітаптың келесі тармақтарынан таба аласыз: ЗӘБҮР 37:29 және ИШАЯ 65:21—23.