Өлген адамдар өмірге қайта орала ма?
Сіздің ойыңызша...
-
иә
-
жоқ
-
мүмкін
КИЕЛІ КІТАПТА БҰЛ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЛІНГЕН?
“Құдай әділдерді де, әділетсіздерді де қайта тірілтеді” (Елшілердің істері 24:15).
МҰНЫ БІЛУДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
Жақыныңыздан айырылған болсаңыз, жұбаныш аласыз (Қорынттықтарға 2-хат 1:4).
Өлімнен жанұшыра қорықпайсыз (Еврейлерге 2:15).
Қайтыс болған жақындарыңызды қайта көруге үмітіңіз болады (Жохан 5:28, 29).
КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ БҰЛ СӨЗДЕРГЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?
Иә, бұған кемінде үш себеп бар:
-
Өмірге бастау берген — Құдай. Киелі кітапта ол “өмірдің қайнары” деп аталған (Зәбүр 36:9; Елшілердің істері 17:24, 25). Құдай күллі тірі жанға өмір бергендіктен, қайтыс болған адамдарға қайтадан өмір сыйлай алатыны шүбәсіз.
-
Ежелде Құдай адамдарды қайта тірілткен. Киелі кітапта Ехоба Құдайдың сегіз адамды қайта тірілткені жазылған. Олардың арасында жасы да, кәрісі де, әйел мен еркегі де болған. Құдай кейбірін бірден тірілтсе, бір адамды төрт күннен кейін тірілткен (Жохан 11:39—44).
-
Құдай өлген адамдарды қайта тірілтуді әлі де қалайды. Ол өлімді жек көреді әрі оны жау деп есептейді (Қорынттықтарға 1-хат 15:26). Адамдарды қайта тірілту арқылы Құдай өлімді жойып, осы жауды жеңгісі келеді. Ол қайтыс болған адамдарды жер бетінде көруді қатты аңсағандықтан, оларға қайта өмір сыйламақ (Әйүп 14:14, 15).
МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗШІ:
Неге адамдар қартаяды және өледі?
Мұның жауабын Киелі кітаптың келесі тармақтарынан таба аласыз: МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 3:17—19 және РИМДІКТЕРГЕ 5:12.