Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

148-ӘН

Ехоба құтқарады

Ехоба құтқарады

(Самуилдің 2-жазбасы 22:1—8)

  1. 1. Тұнып тұр көк пен жер ұлы істеріңе,

    Тірі Құдай — өзің, жетті бұған көзім!

    Дара тұрсың Ехоба, бұл әлемде жоқ мүлде

    Бір өзіңдей тәңір.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехоба құтқарады адал жанды,

    Амандық — серік, шындықта тұрсақ берік.

    Уағыздаймыз қайсар жүрекпен ұлы атын,

    Жартасымыз барда қорғаныш боп тұратын.

  2. 2. Матап алды мені өлім арқандары,

    Көтерейін басты, Құдайым, қолдашы!

    “Құтқар!” деген үніме бөгет емес еш белес,

    Нақ естисің көктен.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехоба құтқарады адал жанды,

    Амандық — серік, шындықта тұрсақ берік.

    Уағыздаймыз қайсар жүрекпен ұлы атын,

    Жартасымыз барда қорғаныш боп тұратын.

  3. 3. Көкті жарып жеткенде ғаламат даусың,

    Тізе бүгер жаулар, ал халқың қуанар.

    Кім болуды ойласаң, сол боласың, қорғансың,

    Жоқ бұған еш күмән!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехоба құтқарады адал жанды,

    Амандық — серік, шындықта тұрсақ берік.

    Уағыздаймыз қайсар жүрекпен ұлы атын,

    Жартасымыз барда қорғаныш боп тұратын.

(Зәб. 18:1, 2; 144:1, 2 қараңыз.)