Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

46-ӘН

Ехоба, рақмет!

Ехоба, рақмет!

(Салоникалықтарға 1-хат 5:18)

  1. 1. Ехоба, рақмет, түнде де, күндіз де,

    Жарық бердің мейіріммен бізге.

    Рақмет, бөледің мәртебеге ерен,

    Дұғада көмек сұраймыз сенен.

  2. 2. Рақмет, Ұлыңды сен қидың біз үшін,

    Жұртқа паш етті ол сенім күшін.

    Рақмет, жол сілтеп, жетелеп келесің,

    Сөзде тұруға көмек бересің.

  3. 3. Рақмет, үйреткен шындық жолың үшін,

    Бізге зор құрмет тапсырған ісің.

    Рақмет, ұзамай қайғы жоқ болады,

    Патшалығыңда бата қонады.