Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сенемін саған

Сенемін саған

Жүктеу:

  1. 1. Жүрекке сөзің нық еніп,

    Терең тамыр жайды.

    Мазасыз санама беріп,

    Ойлар жанға жайлы.

    Басыма не түссе де,

    Дана Сөзің бар менде.

    Ақылыңды күнде айтып,

    Еске салдың сен

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Жүр деп еш қорықпай,

    Әр айтқан сөздерімнен аспай.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Дауыл соқса да, мейлі,

    Сөзің желеп-жебейді

    Күш бердің күн сайын маған,

    Сенемін саған.

  2. 2. Азғырды мені бұл заман,

    Таңдау жасауға жаман.

    Дұға айттым сонда саған,

    Тыңдайсың сен.

    Отырмын ойға шомып,

    Көңліме бәрін тоқып.

    Сөзің жетті жүрегіме

    Қорғайды ол

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Жүр деп, еш қорықпай,

    Құдайдың әр сөзінен аспай.

    Сынақта берік бол еш саспай,

    Көре біл бәрін сенім көзбен.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Дауыл соқса да, мейлі,

    Сөзің желеп-жебейді.

    Күш бердің күн сайын маған,

    Сенемін саған. Саған.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Жүр тек, еш қорықпай,

    Құдайдың әр сөзінен аспай.

    Сынақта берік бол еш саспай,

    Көре біл бәрін сенім көзбен.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Дауыл соқса да, мейлі

    Сөзің желеп-жебейді.

    Күш бердің әрдайым маған,

    Сенемін саған.