Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

AspctStyle/stock.adobe.com

ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ НАУҚАН

Иса пайғамбар соғыс отын өшіреді

Иса пайғамбар соғыс отын өшіреді

 Иса пайғамбар жерде болған кезінде адамдарға зор сүйіспеншілік танытты, тіпті олар үшін жанын қиды (Матай 20:28; Жохан 15:13). Жақында ол Құдай Патшалығының Патшасы ретінде келіп, “күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады”. Сөйтіп, адамдарды жақсы көретінін тағы да дәлелдейді (Зәбүр 46:9).

 Киелі жазбаларда Иса пайғамбардың алдағы уақытта не істейтіні жайлы былай деп жазылған:

  •   “Патша көмек сұраған жарлы-жақыбайды, Ешбір көмекшісі жоқтар мен бейшараларды да құтқарады. Бейшара мен кедейге жаны ашиды, Жарлылардың өмірін аман сақтайды. Қанаушы мен зұлым билеушіден құндарын өтеп алады” (Зәбүр 72:12—14).

 Иса пайғамбардың біз үшін істеген және алда істейтін жақсылықтары үшін алғысымызды қалай білдірсек болады? Ол ізбасарларына өзін еске алып тұруды айтып кеткен (Лұқа 22:19). Сондықтан Ехоба куәгерлері жыл сайын Иса пайғамбарды еске алады. Сізді де бізбен бірге Иса пайғамбарды еске алуға шақырамыз. Биыл бұл жиын 24 наурыз, жексенбі күні өтеді.

Еске алу кеші өтетін жерді табу